Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып дәлелдеңіз.
[10]
1-мәтін
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Осы кестедегі сан рет тексерістен өткен сұрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.
Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуындағаш оюны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе мұңданумен айырбастауға, шатастыруға болмайды. Бұл ұғым өз мағынасында қалуға тиіс. Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мұндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап тұруды да ұмытпайық.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын - бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.
Мен Ж . Аймауытовтың ойымен келісемін. Себебі , әрбір адамның ішіндегі жасырылған талант болады. Өзімізде жасырылған талант ашқан жағдайда ғана , біз өзімізге керек мамандықты таңдай аламыз. Егер адам өзінің икемі келетін, түсінетін , ұнайтын жұмысымен айналысса , сонда ғана ол өз мамандығының шебері бола алады. Мысалға , кейбір адамдар өзгенің айтқан оқуын , оқып жатады , ол өзіне ұнамаса да . Бірақ , бұл өте дұрыс емес . Адам өзіне ұнамайтын мамандықты таңдаса , ол мамандықты адам көп уақыт жұмыс істей алмай , кейін мамандығы бойынша көптеген қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Дегенмен де адам талант болған жағдайдың өзінде , оған еңбек керек . Адам өзіне ұнайтын іске көп еңбектенеді . Ал өзіне ұнамаған іске еңбектенуге зауқы соқпайды. 1 процент талант , 99 процент еңбек екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Мысалға , әншілер жастайынан дауыстарын жаттықтырады . Аспазшылар жастайынан тамақ жасауға қызығып , толық іздене бастайды . Бизнесмендер сауда - саттыққа қызығады да , еңбектенеді . Әрбір адам өз таңдаған мамандығында жұмыс істеген сияқты емес ,хоббиі мен айналысып жатқан сезімде болу керек. Сондықтан , өмірде өз мамандығымызды қателеспей ,жүрек үніне құлақ түріп таңдауымыз керек.