Менің досым.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
Дұрыс тамақтану режимін сақтау асқазан- ішек жолдарының әр түрлі ауруларынан, зат алмасу бұзылуларынан, семіздіктен және көптеген дерттерден сақтайды.Дұрыс тамақтану режимі деп үнемі бір уақытта, бірақ куніне 4-5 реттен кем емес ас ішуді және әр түрлі тағам түрлерін қабылдауды айтады.Түрлі аурулардың алдын алу үшін йодталған тұзды,сүт және сүттен өндірілген тағам түрлерін,етті,бауырды,жемісті, көкөністі,балықты,сонымен бірге теңіз тағамдарын жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет.
Режим правильного питания.
Режим правильного питания защищает кишечник от разных болезней, от нарушения обмена веществ,от лишнего веса и множества возбудителей .Под режимом правильного питания
подразумевается всегда в одно время, в одни дни не больше 4-5 раз кушать различную еду. Чтобы брать верх над разными болезнями нужно употреблять йодированную соль, молочные продукты и молоко, мясо, овощи, фрукты, рыбу, вместе с этим есть морские продукты в нужных мерах.