М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Hedulik
Hedulik
22.12.2020 02:09 •  Қазақ тiлi

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтіндегі детальді ақпараттарды анықтаңыз.

Былғары қолғап шебері

Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген . Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті . 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып , коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

1-ақпарат:

2-ақпарат:

3-ақпарат:

👇
Ответ:
zzubaidulloieva
zzubaidulloieva
22.12.2020

1.Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге  келген.

2.Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады.

3.1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды.

4.Былғары қолғап шебер

Объяснение:

 напишите это правельно

4,4(22 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Zhanna278
Zhanna278
22.12.2020

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Объяснение:

4,4(78 оценок)
Ответ:
sahin123321
sahin123321
22.12.2020

Объяснение:

-ӘУЕЗОВ «АБАЙ ЖОЛЫН» ҚАЛАЙ ЖАЗДЫ?

-Әуезов «Абай жолын» оңай жаза салған жоқ. Талай мұрағат ақтарылды, қаншама адамдармен әңгіме құрылды. Қаншама тер төгілді, небір ұйқысыз түндер өтті. Роман жарық көргеннен кейін де қайта-қайта қудаланып, естімеген сөзі қалмады. Бірақ Әуезов еш мойымады. Оны мойытпаған Абайға, Абай әлеміне деген махаббат еді.

-Әуезов Абаймен кездесті ме?

-Әуезов Абай елінде, Абай жерінде, Абай топырағында дүниеге келді. Көзін ашқаннан естігені – Абай әні, тыңдағаны – Абай сөзі, жаттағаны Абай өлеңдері болды.Оның Құнанбаймен өзара сыйластығы кейін Абаймен жалғасын тапты. 15 жас кішілігі бар Абай оны «Әукеш аға» деп еркелей атайды екен.

-Әуезов «Абай жолын» соңынан бастап жазғанын білесіз бе?

-Жазушының «Абай жолы» эпопеясын екінші кітаптың соңғы бөлімінен бастап жазғанын біреу білсе, біреу білмес.

4,4(98 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ