М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
viloverbe
viloverbe
09.11.2021 15:50 •  Қазақ тiлi

М. Əуезов «Көксерек» əңгімесінен үзінді Баланың шошыған айғайы шықты. Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. Көксеректе кəзірде бұрын ешқашан білінбеген долылық, жайындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды.
Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, əкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген- білгені — сол...
Содан əрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып салды... Түнде баланың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен.
1. Сұрақтарға жауап бер:
1. Көксеректі сипатта.
2. Əңгіменің идеясы не?
3. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты? 4. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
5. Құрмаштың өліміне кінəлі кім?
2. Мақалдарды түсіндір.
1.Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
2. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.
3.Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сəйкес бағандарға жазыңыз.
(1 б.) (1 б.) (1 б.) (1 б.) (1 б.)
(1 б.) (1 б.)
Сөздер: хайуанаттар-бағы, түйме дақ, Барса келмес, Қызылкітап, адам-зат, жан жануарлар, халық аралық, омыртқа-сыздар, био ресурс, кон-венция, жабайықызғалдақ, қоршаған-орта, ақ қу

Дара сөз
Тіркесті сөз
Біріккен сөз
Қос сөз
4.М.Əуезовтың «Көксерек» əңгімесі бойынша өз ойыңызды жазыңыз /10 сөйлем/ 5 б

Это сор

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ilyailushin
ilyailushin
09.11.2021
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. 
4,7(40 оценок)
Ответ:
Камила1э
Камила1э
09.11.2021
Міне, сентябрь туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
4,6(43 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ