Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.
Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай-даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қо , шынайы оқи-ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес-терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз...
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз.