1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, проблемалық сұрақтар құрастырыңыз. Денсаулықтың құпиясын шетелден іздемейік... Ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулықтың құпиясын біздің ата-бабамыз біледі!
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк(жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдағанжылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Қарны ашқан қазанға қарар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Мешкей деген жақсы атақ емес.
Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады. Құрт – малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Құрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Әр елдің өзіне ғана тиесілі ұлттық тағамдары болады. Әр жерде әр түрлі жасалады. Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа деп бекер айтылмайды. Әдетте ол тағамдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болып, жасалады. Дәл сондай тағамдардың бірі –құрт пен ірімшік. Құрт пен ірімшік – саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім. Олар қант пен шоколадтан әлдеқайда жақсы. Көп адам сүттен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Олар тойымды, дәмді, әрі ағзаға жылдам сіңеді. Бір өкініштісі, тоңазытқышсыз көпке дейін сақталмайды.
Көтерілген мәселе:
Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы – республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы.
Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаланың тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі - атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады. Мұнда Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел Васильев және тағы басқа тек облысты ғана емес,сонымен қатар Республикаға танымал қайраткерлер туған. Ертіс бойымен ақ жартасты жолақ сияқты біздің мейірімді, қонақжай қаламыз жайылып жатыр.
Екібастұз қаласы 2007 жылдың 12 маусымында өзінің елужылдық мерейтойын атап өтті. Қаланың пайда болуы және тарихы Екібастұздық тас көмір орнының дамуымен байланысты. 1954 жылы алғашқы көмір алабы пайдалануға берілді. 1957 жылы Қазақстан картасында жаңа қала Екібастұз пайда болды. Қазіргі уақытта қала және ауылдық аймақ халқы 140 мың адамды құрайды. Қалада бір жоғары оқу орны, жеті ССУЗ және КЛ, қырық төрт жалпы білім беру, бес балалар спорттық, бір көркем және музыкалық мектептері, 28-ден аса балабақша, 40 емдік мекемелері жұмыс атқарады. Мәдени – ағартушылық объектілеріне орталық қалалық кітапхана, құрамында 10 этномәдени орталықтар қызмет жасап жатқан Достық үйі, қалалық мұражай, “Өнер” орталық қалалық мәдениет сарайы, қалалық мәдениет және демалыс паркі “Шахтер” жатады.
Ақсу қаласы (1993 жылға дейін - Ермак) — Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында Павлодар қаласының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан. Қала аумағы және оның ауылдық аймағы солтүстігінде – Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде - Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, батысында - Павлодар ауданымен және шығысында Екібастұз ауылдық аймағымен шекараласады.
Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Ертіспен қиылысқан жолда түрақ пайда болып, екі поселкі дами бастады: әкімшіліктік және жұмысшы. 1914 жылы жаңа Ермак поселкісінің жоспары бекітілді. 1993 жылы 4 мамырда Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді. Бірнеше жылдан кейін облыс әкімінің шешімімен 1997 жылғы 9 шілдеде Ақсу ауданының аумағы Ақсу қаласының шекарасына, ауылдық округтер мен Қалқаман поселкісі Ақсу қаласының әкімшілік қарамағына тапсырылды.
Қазіргі кездегі Ақсу – бұл Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы дамыған қала. Қала тұрғындары 70 000 адамды, ауыл тұрғындары 29 000 адамды құрайды.
Қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымын екі кәсіпорын құрайды: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еврозиаттық энергетикалық корпорация электр станциясы.
2001 жылдан бері қала энергетиктерімен 5.580.7 миллион киловаттсағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауыты объектілерінің өнеркәсіптік құрылысы басталды.