Тапсырма 1. Төменде берілген мәтінді зерделеп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы
оң қанат (барунгар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-
әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамная
тұрды, «мыңдықтар» — он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің
барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.
Моңғол әскерінің жеңістке жетуінің себептерін анықтаңыз.
1
2
2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен
байланысты саяси оқиғаны толықтырыңЫЗ.
Тарихи жауабы Тұлғалардың сөздерінен үзінділер Цитаталармен
тұлғалар
байланысты саяси
оқиғалар
1.Ұрыс хан
А. «Мен әлемді жаулап алмағанда,
олар бізге қылыш көтерер еді»
2. Өзбек хан
В. «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен
алғаш қол жеткіздім!»
3.Тоқтамыс
С. «Біз мемлекетімізді нығайту
үшін ислам дінін нығайттық»
4.Әмір Темір
D. «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу
біздің астанамыз болар еді...»
11
Менің досым туралы.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы., сонымен қатар үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақытты жанмын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!