Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
1Отбасы2Әуесқой мансабы2.1Бокстан әлем чемпионаты (2003)2.2Олимпиада ойындары2.3Бокстан әлем чемпионаты (2005)3Кәсіпқой мансабы3.1Метью Маклинмен айқас3.2Кертис Стивенспен айқас3.3Осуману Адамамен айқас3.4Дэниел Гилмен айқас3.5Марк Антонио Рубиомен айқас3.6Мартин Мюрреймен айқас3.7Уилли Монромен айқас3.8Давид Лемьемен біріктіруші айқас4Жетістіктері5Кәсіпқой бокс6ДереккөздерОтбасы
Әкесі – орыс, мамандығы – шахтер, анасының ұлты – кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиннің 3 ағасының екеуі әскерде қызмет атқарып белгісіз жағдайларда қаза тапты (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы). Үшінші ағасы – Максим де бокспен айналысқан, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып саналады. Ағайындар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан да бетпе-бет шайқасқан емес. Бір-бірімен шайқас түскенде екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде Максимге осылай істеуге тура келді. Қазіргі уақытта Геннадийдің ағасы онымен бір командада жұмыс істейді және чемпионға ұрыстарға дайындық кезінде көмектеседі. Геннадий Головкин үйленген. Жұбайы Алина және ұлы Вадим чемпионның берік отбасын құрайды.
Әуесқой мансабыГоловкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі қанық, оқиғаға толы болды. Өзінің алғашқы ресми ұрысын Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластармен ұрысты, бірақ, ақырында сол жарыста жеңіске жетті.
2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилды жеңді (15 – 3).2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 ұрыста жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 – 8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 – 7). Ал жалпылай санағанда 7 – 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 – 4).2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.