Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан шексіз мейірбансың, ақылы тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
Ана тілінің маңызы туралы көп сөз жай айтылмаған. Ана тілі жанымыздың, жүрегіміздің тілі. Тіл жоғалса- халық та жоғалады. Менің туған тілім қазақ тілі, ежелгі көшпенділер тілі. Бұнда қазақ халқының мәдениеті, оның ерекшелігі, тарихи өсуі көрінеді. Тіл- халықтың мінезі, естелігі, тарихы, рухани ірілігі. Онда салт-дәстүрлер, халық тіршілігі, ақылы, тәжірибесі сұлулығы мен жанының күші бар.Менің тілімнің тарихы халқымның тарихынан ажырамайды. Ұлттық тілдің білімі және өсуі - күрделі, ұзақ процесс. Мыңдаған жылдар бұл тіл қалыптасты, осы уақытта халықтың басты байлығына айналу үшін. Қазақ тілі өзінің әуенімен, жанға жайлылығымен ерекшеленеді. Қазақ тілінің сөз қоры (екі миллионнан астам), әр түрлі синонимдері мол. Осының бәрі тілдің қуаттылығы мен байлығын білдіреді. Қазақ тілі-әдебиеттің, халық әндерінің, аңыздардың тілі. Қазақстан жері әдеби таланттарға: ақындар, жазушылар, драматургтарға бай. Олардың барлығы тілдің дамуына үлес қосты. Ана тілі-әр адамның өмірінде маңызды, сен осы тілде алғашқы сөздеріңді айттың, оқыйсың, жазасың, ойлайсың, бұл сені туған халқыңмен еліңмен жақындастырады. Туылғаннан бастап кәртейгенге дейін адам өмірі ана тілімен байланысты. Өмірдегі ең таңғаларлық зат -тіл. Тілмен емдеуге болады, жаралауға, жұбатуға, сендіруге, қуаттандыруға болады. Оның ішінде бұл сөз ана тілінде айтылса. Сөз адам алдында бүкіл дүниедегі, әлемдегікөз жетпейтін мүмкіншіліктерді ашады. Кітап беттері арқылы және әңмілесуден адам әлі көрмеген істерді біледі. Алыстағы жағалаулар, шет елдер, тексерілмеген жерлер көрген болады. Осының бәрі тілдің арқасы. Артқа бұрылып, болашаққа көз тастап, біз ана тіліміз барлық байлықтан артық екенің ұғуымыз керек.