Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.