4. «... Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қалғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері - содан қалған белгі» Үзіндіден кейіпкердің ішкі күйзелісін жеткізетін сөздерді теріп жазыңыз:
[2]
5. «...Жалшы шал басындағы ақ жүн қозы бөрігін жұлып алды. Селдір шашы аппақ қудай екен» үзіндіден автор қолданған көркемдегіш құралдарды анықта:
А) теңеу мен эпитет
В) эпитет пен теңеу
С) метанимия, теңеу
D) синекдоха, теңеу
[2]
6. «Жылқы – әулие, әулиеге тапсырдым! Есті жануар ғой, құла түзде жалғызбын деме, серік болады. Құладын ұшпас шөлден өтесің, араннан бетер көрінер. Өлмеген құлға несібе мол екенін білгенде, құдайыңа құлшылық қылуды үйренесің әлі. Түрікпен байдың мың жылқысын бағып, мұнда бойкүйез қала берсең, онда тірі емес, өлі санатындасың»
Үзіндіден ұлттық құндылықтарды тауып, өз ойыңды түсіндіріп жаз.
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.[4]