Боран түрлері
Қыстың қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі – боран. Қарды бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуына қарай, бағытына қарай, уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды.
Ақ боран – көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.
Ақ түтек боран – алай-түлей түтеген боран.
Ақ шұнақ боран – бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.
Аққұйрық боран – құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран.
Ақ жорға – қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын, боран.
Алай-түлей түтеген боран – ұйытқыған немесе бората соққан қатты жел.
Алақаншық боран – бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.
Дауыл боран – осқырған жел.
Долы боран – екіленіп соғатын боран.
Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран.
Жөпшеңді боран – кәдімгі боран.
Қара боран – түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.
Құм боран – құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.
Майлы боран – қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.
Сұрапыл боран – қаруы қатты боран.
Сырғыма боран – қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.
Тас боран – суырып соққан күші қатты боран.
Тентек боран – бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.
Түтек боран – алай-түлей боран.
Ұйтқыма боран – ұйытқи соққан қарлы боран.
Үскірік боран – құрғақ, суық боран.
Ызғырық боран – өңменнен өтер ызғарлы боран.
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.