Дөңгелек үстел ойыны.Топқа бөлініңдер .Топтағы бірінші оқушы қағаздың шетіне басқаларға көрсетпей мұғалімнің Не ?деген сұрағына жауап жазады. Жауап жазылған қағазды бүктеп ,келесі оқушыға береді.Екінші оқушы "Қандай?" деген сұраққа жауап жазып , қағаздың шетін бүктеп келесі оқушыға береді. Осы ретпен қайталанып отырады. Соңында қағазда құрастырылған сөйлем оқылады
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.