Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды. Бірақ Іле қыз олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды.
Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.
Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар белдеседі. Шабандоздар бәйгеге түседі. Бұл асты бергенде Балқаш байдың ойында қызы Ілеге болашақ күйеу іздеу де жоқ емес-ті. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол - өзінің кедейлігі еді.
Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: Әке, мен тек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар екенін білмедің. Ол күш - махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеуімізді бірге жерле, - дейді де биік құздан етекке құлайды.
Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам болсын, - деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен Қаратал демімен толығып отырады екен.
болама
Египет Пирамидасымен байланысты жұмбақтар мен аңыздар, құпиялар өте көп. Солардың ішіндегі ең көп таралған мистикалық оқиғалардың бірі – Перғауындардың қарғысы. Ежелгі Перғауындардың мазасын алған зерттеушілер мен қазына іздеушілер өз өмірлерін қайғылы түрде аяқтаған.
Египет Пирамидасымен байланысты жұмбақтар мен аңыздар, құпиялар өте көп. Солардың ішіндегі ең көп таралған мистикалық оқиғалардың бірі – Перғауындардың қарғысы. Ежелгі Перғауындардың мазасын алған зерттеушілер мен қазына іздеушілер өз өмірлерін қайғылы түрде аяқтаған. Бәрі осыдан 100 жыл бұрын басталған... 1922 жылы қараша айында ағылшын археологы Говард Картер мен Джордж Карнарвон он сегізінші династияның билеушісі болған Перғауын Тутанхамонның мәйітін ашқан. Ал келесі жылдың көктемінде газет беттерінде лорд Карнарвонның кенеттен қаза тапқаны туралы ақпараттар таралған. Журналисттер археологтың қарғыстың құрбаны болғаны туралы жапа-тармағай жазады.
Объяснение:
правильнолучший ответ
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды. Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады. Жаңа жыл қарсаңында біз тұратын Қарағанды облысының аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, боран болатыны хабарланып жатты. Боранды күндері мектеп оқушыларының сабақтары оқытылмай, жоспарланбаған демалыс күндері жарияланады. Қыстың нағыз қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі – осы боран. Қарды бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуына қарай, бағытына қарай, уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды. Осындай аязды, ақ боран күндердің бірінде қысқы жайылымдағы малдар адасып, кешкісін олардың санына жете алмай қалдық. Адасқан малдың соңынан іздеп атам кетіп еді, ол кісі де біразға дейін оралмай, үй ішімізбен алаңдап отырдық. Әкем «енді мен де іздеу салып келемін» деп отырғанда, есіктен атам кіріп келгенде, қуанышымызда шек болмады.
надеюсь ты получишь 5 :3
Объяснение: