8.Қазақстанда 2015ж. халық саны 17 670 579 адам, туылғандар 393 750 адам, өлгендер 129 500 адам, көшіп келгендер 16 581 адам, көшіп кеткендер 30 047 адам болды.
1.Туу, өлім, эмиграция, иммиграция коэффициенттерін, табиғи, механикалық және жалпы өсімді есептеңіз.
а). Туу коэффициенті [1]
ә). Өлім коэффициенті [1]
б). Эмиграция коэффициенті [1]
в). Иммиграция коэффициенті [1]
г). Табиғи өсім [1]
ғ).Механикалық өсім [1]
д.) Халық санының жалпы өсімі [1]
2.Халық саны қандай демографиялық көрсеткіш есебінен көбейгенін түсіндіріңіз [1]
Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Әрине, апай, барайық!
Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?
Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...
Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?
Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.
Мұғалім: Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?
Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?
Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!
Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!