қаланы көгалдандыру үшін пайдаланатын ағаштар олардың негізгі қасиеттеріне және көгалдандырудағы мақсатқа орай таңдалып алынуы шарт. айтарлық, қала халқының демалыс орны болатын жерлерге осы ағаштардың белгілі бір түрлері ғана жарасса, тұрғын аудандарды желден қорғау, өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөлу үшін басқа бір ағаш түрлері пайдаланылады. осыған байланысты қалаларды көгалдандыруға арналған ағаштарды жалпы, шектелген және арнайы мақсатта егілетін деп үш топқа бөледі [1].
жалпы халық тұтынатын ағаштарға парктер, бақтар, скверлер, бульварлар мен көшелердегі жасыл желектер жатады. олардың әрқайсысының өзіндік функциональдық ерекшелігі бар және елді мекендерді көркейтудегі маңызы зор. бұл ағаштарды халықтың тығыздығына қарай пайдалануға тиімді етіп отырғызу қажет.
қала халқының белгілі бір бөлігі ғана пайдаланатын өсімдіктерге оқу орындарының, ғылыми — зерттеу институттарының, мен емдеу — сауықтыру мекемелерінің, өнеркәсіп орындарының төңірегіне және тұрғын аудандардың ішіне отырғызылатын ағаш — бұталар, гүлдер жатады. бұлардың түрлерін таңдап алу кезінде олардың функциональдық ерекшеліктерін есте мықтап ұстау қажет. себебі, белгілі бір мақсатқа орай отырғызылатын өсімдік түрлері де әртүрлі болмақ. мәселен, мектеп маңына егілетіндерінің түрлік құрамы табиғаттану мақсатына орай барынша бай болуы тиісті. ал емдеу — сауықтыру және мекемелері үшін санитарлық — гигиеналық қасиеттері басым өсімдіктер қажет болса, басқа бір орындарға сәндік өсімдіктерді отырғызған тиімді. өнеркәсіптік мекемелер еңбекшілерінің жұмыс істеуіне, дем алуына қолайлы орындар жасауға қажет өсімдік түрлерін таңдап ала білу шарт.
қандай мақсатта отырғызылатына қарай, әрі биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ағаш — бұталар таңдап алынады. мысалы, су эрозиясын тоқтату үшін тамыр жүйесі барынша тармақталған, әрі қуатты ағаш тұқымдарын пайдаланған абзал. батпақты жерлерді құрғату үшін буландырғыш қабілеті жоғары, ал автомобиль жолдарының бойына газ, түтін және шаң ұстағыш ағаштар отырғызудың қажеттігін жоғарыда айтып өттік.
баққа оранған парктер салу үшін әртүрлі безендіру, гүлдендіру (, бордюрлар, миксборгерлер, партерлер, пергольдер салу) жұмыстары жүргізіледі. олар парктер мен бақтарды, скверлер мен бульварларды, үйлері мен қоғамдық мекемелердің, мектептердің, зауыт — фабрикалардың территорияларын сәндендіріп, сұлу ғимараттардың архитектуралық бейнесін аша түседі.
гүлмен безендіріп, көркейту жұмыстарына орай оған тартымды рең беретін түсті таңдап ала білудің де маңызы зор.
ғажолдармен бөлінбеген, әртүрлі қ формадағы, шағын, небары 10–15 шаршы метр болатын бөліктер жатады. оларға негізінен топырақ бетін жауып тұратын әртүрлі гүлді өсімдіктер, жапырақтары сәнді самшит, юкки тәрізді бұталар да егіледі. ң құрамына газондар да кіреді. рабаткалар деп ұзақ гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер егілген, пішіні төртбұрышты бөлікті айтады.
бордюрлергеқандай да болмасын бір көгал алаңды сыртынан қоршап тұратын, гүлдеп тұрған немесе жапырақтары сәнді өсімдіктерден тұратын жіңішке алаптар жатады. бордюрлер гүлмен безендіру жұмыстарында жиі қолданылады.
Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Иə, алғашқы бұйрығы ا ﻗ ﺮْ أَ ْ «Оқы!»[139] деп келген Ислам діні оқуға қатты көңіл бөледі. «Құранда оқы деген мағынаны білдіретін «қирағат» сөзінен тарайтын 87, жазу мағынасына келетін үш бөлек сөзден тарайтын 336, ғылым деген мəндегі жəне сол мəннен тарайтын 780 cөздің кездесуі бізге ой салуы тиіс»[140]. Бұл Жаратушы иеміздің мұсылмандарды оқуға көңіл бөлуге шақыратындығын ұқтыруда. Бұған қоса, қалам мен сиясауытты (нун) жеке-дара атап серт беруі де осы мағынаны үстемелейді. «Екі күні бірдей өткен адам зиянда» деп, күн сайын білімге білім жамап отырудың қажеттігін ескерткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.а.с.) оқуға, ілім үйренуге шақыратын хадистері көп. «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі»[141], «Көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмырсқа, теңіздердегі балықтарға дейін (бүкіл тіршілік иелері) ілім үйренушіге игі дұға тілейді»[142], «Аллаһ ілім арқылы бірқатар ұлттардың абыройын биіктеді, жақсылықта басқаларға жолбасшы етеді, ел солардың ізіне еретін болатын»[143] деген хадистерін осылардың қатарында атап өтуге болады. Х – XII ғасырларда Ислам əлемінде ғылым-білімнің шарықтап дамуымен кітап шығару ісі өркендеп, кітапханалар саны көбейді. əл-Мəмун дəуірінде (786-833) Бағдатта «Бəйтүл-хикма» (Даналық үйі) атты алғашқы кітапхана əрі обсерваториялар салына бастады[144]. Бір Бағдат қаласының өзінде 36 кітапхана жұмыс істеген деген деректер кездеседі[145]. Ең соңғы кітапхана он мың том кітабы бар уəзір Ибнул-Алқамаға тəн болған. Бірақ бұл кітапхана да 1258 жылғы монғол-татар шапқыншылығы кезінде қиратылып, Отырар кітапханасының кебін киген[146]. Харұн Рашид дəуірінде араб тарихшысы Омар Уақидидің (736-811) жеке басында жүз жиырма түйеге жүк боларлық кітабы болған[147]. Көне мəліметтерде Александрия кітапханасында 900 000 (тоғыз жүз мың) том қолжазба сақталғандығы айтылады[148]. Иранда да халыққа арналған жалпы жəне жеке кітапханалар көп болған. Ең жақсы кітапханалары Шираз бен Мəру қалаларында еді[149]. Бұл ғасырларда жинақ шығару, кітапхана əдістемесі тұрғысынан Ислам əлемі Еуропа кітапхана жүйесінен үш-төрт ғасыр озып кеткен. Орта дəуір Еуропасы бұл кезде кітаптарды сөрелерге шынжырлармен байлап тізіп қоятындай əлі дамымаған еді. Оқырманға кітап осы шынжырымен бірге берілген. Тіпті ашық темір торға салып қойып, сыртынан парақтатып оқытқан кездері де кездескен[150]. Бұл кезде мұсылмандардың мəдениет ошағы болған Андалусияда əл-Хакам атты халифаның кітапханасында 600 000 (алты жүз мың) кітап болса, ал одан төрт ғасыр кейінгі Еуропаның өзінде «Білімпаз Чарлз» деп аталған Франция королі V Чарлздың кітапханасы небəрі 900-ақ (тоғыз жүз) еңбектен аспаған[151]. Кітапқұмарлық тұрғысынан үш-төрт мұсылман ғалымның өмірін мысал ете кеткен де орынды. Айталық, 63 жасында қайтыс болған əйгілі мұсылман ғалымы Фахраддин ар-Рази артына ғылыми маңызы зор екі жүз еңбек қалдырған. Жазған кітаптарын қаттап тізгенде, кісі бойынан асатын деседі. Тəпір саласында жазған еңбегінің өзі он екі мың бетті құраған
Объяснение:
Какие животные