Еліміздің кең байтақ даласында табиғат жағдайдары әртүрлі болғандықтан мұнда мекендейтін жануарлар да алуан түрлі. Оларды дала, орманды дала, шөл мен шөлейтті жерлер және су қоймаларында мекендейтін жануарлар деп бөлуге болады. Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың – 104 түрі тіршілік етеді. Қазақстанда аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, жылан, аққу, тырна, үйрек, қаз, алабұға, шортан т.б. жануарлар, құстар және балықтар тіршілік етеді.
Олардың көпшілігі жойылып жатыр. Оның себептері: браконьерлер,табиғат жадайлары.
Объяснение: қысқаша мәлімет бердім, көмек болады деп ойлаймын
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.