М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vdovitskaya88
vdovitskaya88
26.05.2020 20:59 •  Қазақ тiлi

III тоқсан бойынша жиынтық бағалау Бөлім «Болашақ мамандықтары», «Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы».

1-тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Төмендегі тапсырманы орындаңыз
Жаңа мамандықтар
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да
ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен
шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;
рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын маман.
Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы,Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды. Соған қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.

Қысқаша түсініктеме бойынша мамандық иесін табыңыз. 3-
Қызметі
Мамандықтар

сайт жасаумен шұғылданатын маман;

жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман

компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;

тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
бренд-менеджер

қызметшілердің потенциалын өсіретін маман

тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен
шұғылданатын маман

әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

сайт үшін контент құрушы;

2-тапсырма. Төменде берілген мамандық иелері не істейтіндерін толықтырып айт. 3-

Мамандықтар
Не істейді?

Дәрігер

Сатушы

Құрылысшы

3-тапсырма: Мәтінді дауыстап оқыңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,
Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас
орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы»
дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.

[ ]

4-тапсырма. Үндестік заңын ескере отырып, қосымшаларды дұрыс жалғаңдар. 3-
Егін -
Аударма -
Тәрбие -
Құрылыс -
Сату -
Дәрі -
Ғарыш -

👇
Ответ:
nurasylmahambet
nurasylmahambet
26.05.2020
Осы номерге жаз 87096543421
4,8(40 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
котенок134
котенок134
26.05.2020

Хан Тәңірі шыңы

Қазақстан Республикасының Қырғызстан және Қытаймен шекарасындағы ең жоғарғы биік шыңы болып табылады, шамамен 7 мың метрдей. Әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі. Оның төртқырлы пирамида іспеттес формасы оған ерекше көрік береді. Шыңның бір жақ бетін мәрмәрлі қабырға безендірген. Оны бағындыруды көптеген туристер армандайды.

Бурабай курортық аймағы

Бурабай Көкше өлкесіндегі ғажап мекен. Мұндағы ең танымал жер Жұмбақтас десек, артық айтпаймыз. Оның тұрпаты бір қарағанда египеттік сфинксті, енді бірде кемпір кейпін, кейде сұлу қызды көргендей әсер қалдырады. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасындағы қылтадан табиғаттың керемет сұлулығын көре аласыз. Жаныңызды жадыратар жазда көл жағасында демалсаңыз, қыста көңіліңізді сергітер спорттық сауықтарға аударуға болады.

Шарын шатқалы

Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шет­елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген

4,8(7 оценок)
Ответ:
balandinradmir
balandinradmir
26.05.2020

Андронов мәдениеті-қола дәуіріне жататын археологиялық мәдениеттердің бүкіл тобы, ол біздің дәуірімізге дейінгі 17-19 ғасырларда болған. Бұл мәдениет Қазақстанды, Батыс Сібірді, Орта Азияны, Оңтүстік Оралды қамтыды.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде, яғни біздің дәуірімізге дейінгі 13-9 ғасырларда өмір сүрген Орталық Қазақстан тайпаларына жататын мәдениет.

Түсініктеме:

Андронов мәдениеті Андроново ауылынан шыққан, өйткені алғашқы жерлеу орындары табылған. Бұл зерттеуші Тугаринов болды және 1914 жылы табылған. Археолог Теплоухов бұл мәдениетті 1927 жылы бөліп алды. Андронов мәдениеті Синташта-Петровка-Арқайымға ұқсас (Оңтүстік Оралда және Солтүстік Қазақстанда – біздің дәуірімізге дейінгі 2200 – 1600 жылдарға жатады), Алакөл (Амурдария мен Сырдария өзендері аралығы, Қызылқұм шөлінде – біздің дәуірімізге дейінгі 2100 – 1400 жылдар). Бұл мәдениет Орал мен Еділге біркелкі таралмады. Мұндай мәдениет отырықшы, жартылай далада өмір сүрген, жайылымдар мен құнарлы жерлерге ие, тіпті мыс және қалайы кеніштері бар малшылар мен фермерлерге тән ерекше өмір түрімен сипатталады.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті 1934 жылы табылған Дандыбай кесенесінің арқасында осылай аталады. Бұл терминді Академик Марғұлан ойлап тапқан. Бұл мәдениет жартастардан салынған ақсүйектердің биік, дөңгелек / тікбұрышты кесенелерімен танымал. Бұл мәдениет Ұлытау мен Шыңғыстау таулары арасында, Жетікоңыр өзенінен Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендеріне дейін Ертіс бойымен, Баянауыл мен бұғыға дейін таралған.

4,7(63 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ