Оқылым Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.
Компьютер дегеніміз не? Бұл – ақпарат және мәліметтермен жұмыс істейтін электронды құрылғы. Оның ақпаратты сақтап, өңдеп, алып, таратып және т.б. әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар. Компьютердің түрлері мен типтері. Көптеген адам компьютер сөзін естігенде дербес компьютер немесе ноутбукты елестетеді. Алайда, түрлері мен мөлшерлері әртүрлі компьютерлер болады және олар күнделікті өмірде әртүрлі функцияларды атқарады.
Үстел үстілік компьютерлер. Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және т.б. жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады.
Портативті компьютерлер. Компьютерлердің екінші типі – бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы, батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы, оңтайлылығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады. Планшеттік компьютерлер. Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. iPad — планшеттік компьютерге мысал бола алады. Планшет үстел үстілік компьютер немесе ноутбуктың орнын толық баса алмайды, өйткені бағдарламаларды ашуға және құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук немесе үстел үстілік компьютер ыңғайлы.
Компьютердің басқа да типтері. Біз компьютер деп қабылдай бермейтін, негізінде мамандандырылған компьютер болып келетін көптеген құрылғылар бар. Міне, бірнеше мысал:Ұялы телефондар: бүгінде олар бұрындары тек компьютерде ғана істеуге мүмкін болатын көптеген функцияларды ұсына алады, мысалы, ойын ойнау, фильмдер көру және т.б. Мұндай телефондарды смартфон деп атайды. Ойын приставкалары: видео ойындарды ойнатуға арналған компьютердің мамандандырылған түрі. Олар үстел үстілік компьютерлер сияқты көпфункционалды болмаса да, олардың көбі интернетте веб-парақша ашу сияқты тапсырмаларды орындай алады. Теледидарлар: көптеген теледидарлар бүгінде интернетке кіруге немесе фильмдерді онлайн көруге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен қосымшалардан тұрады.
1. Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.
2. Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.
Компьютердің түрлері Сұрақтарға жауап беріңіз
қандай? қандай?
Шығарма
Батырлар.
"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған.
Сан тараулы тарихымызда батырларымыз ақын-жырау да бола білген.Мысалы,Қазтуған,Жиембет, Махамбет,Шернияз ақын-жыраулар.Олар жаумен айқасып қана қоймай,әскерлеріне рух беріп отырған.Ұлы Отан соғысы кезінде кеудесін фашистерге қорықпай тоса білген батырлар жетерлік болған.Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,Хиуаз Доспановалар жаудың Төлеген қаруларына қарамастан батылдықтарымен,өзіндік тактикаларымен батырлық көрсеткен.Отан үшін жандарын пида еткендердің бірегейлері болды.1989 жылдың желтоқсанында қазақ жастары Алматының орталық алаңында жиналып қайсарлықтарын көрсетті.Қайрат,Ләззәт сынды бозторғайларымыз елдік үшін қыршыннан қаза болған еді.Жамбыл Жабаев:
Отанға берген анты бар.
Әскерлердің қорғайтын
Бақытты құрыш халқы бар,
Жалындатып жігерін
Жаудан аман өз елін
Сақтауға берген анты бар, - деп қазақ даласының әр батырына арнап жырлағандай.
Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Жаңалықтардан,газет-журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей аламыз.Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады."Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді" демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда қалсын!