елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. сонымен, назарларыңызға белгілі суретші илья афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.
1. "алтын емел" ұлттық паркі. алматы облысы
"алтын емел" атауы моңғол тілінен шығады және "алтын ер" дегенді білдіреді. бір аңыздар бойынша, 1219 жылы шыңғысханның әскері орталық азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "алтын ер! " деген екен. алтын емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. алтын емелдің бір көркі - іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.
2. ақтолағай. үстірттің солтүстік шеті. ақтөбе облысы
шатқал үлкен аумақты алып жатыр. бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.
3. батыс алтай қорығы. шығыс қазақстан облысы.
қорық батыс сібір даласы, оңтүстік сібір және орталық азия таулары мен қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°с.осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "қара торап" деп аталатын үш шоқының (көксу, иванов және холзун) түйіскен тұсы. туристер арасында ерекше танымал "тас ертегі" де осында орналасқан.
4. қарқаралы таулары. қарағанды облысы
қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады.
5. табан-қарағай. алматы облысы
табан-қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді. алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. мұндағы пейзаждарда бүкіл қазақстанның бар пейзажы тоғысқан!
6. торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы. маңғыстау облысы
бір аңыздар бойынша, маңғыстау жеріне жау басып кіреді. жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады. осылайша айрықша тас мүсіндер - шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.
7.қаратау таулары. оңтүстік қазақстан облысы
бұл өте көне таулар. геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. шатқалдардың қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. сондай-ақ, қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр.
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.
Қазақстан - менің Отаным. Ол барлық адам бейбітшілік пен татулықта тұрып жатқан мемлекет 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жария етті. Біз үшін тәуелсіздік күні ең қадірлі күннің бірі. Бұл жолда қаншама адам құрбан болды. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Жыл сайын тәуелсіз мерекесінде еске аламыз. Осы тәуелсіздікке жету үшін олар қаншама тер төкті.Отаны үшін күресті. Қазір біздің мемлекетіміз татулық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Бұл көп уақыт емес,бірақ біз осы уақытта көптеген жетістіктерге жеттік. Осы жетістіктерге жетуіміз елбасымыздың арқасы. Елімізде қысқы Азия ойындары өткізіліп, көк байрағымыз көкте желбіреді. Лондон олимпиадасында спортшыларымыз еліміздің байрағын асқақтатты. Бүгінгі күнде еліміз жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес , ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған дұрыс.
Тәуелсіздік - ұлы ұғым. Қуана отырып мұңаятын ,мұңая отырып қуанатын ұлы мейрам. Тәуелсіздік жолында құрбан болған әр қазақ қарақан басынан күллі жұртты жоғары қойған. Біз де биік ойлай білуге тиіспіз. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!