М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kvastalkerr
kvastalkerr
24.12.2020 22:56 •  Қазақ тiлi

Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз. [5]

А мәтіні

Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы.

Ә мәтіні

Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іштартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орақ ауыз, от тілімен халықты аузына қаратқан ақындарымыздың өлең-жыр, қисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы жылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар; Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау, Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-тасқа секіріп, қойдай өріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, еліктің азайып кетуі неден? Біздің қолымызда бұлтартпайтын бір факт бар. Ол – аң-құстың азайып бара жатқандығы. Иә, мүлдем азайып барады.

А мәтіні Ә мәтіні

Тақырыбы

Қандай стильде жазылған?

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?

Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?


Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Asylai5A
Asylai5A
24.12.2020

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

4,5(88 оценок)
Ответ:
daniil2zhuravlev
daniil2zhuravlev
24.12.2020

«Көксерек»,  жазушының повесі. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қырсырын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі. Повесть шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған. Адам – бөлтірік – орта. Бұл үшеуін автор диапектикалық байланыста бейнелеу үшін, қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып, өзгертіп отырады. Кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады.

 

             Как-то так:) Буду рада

4,5(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ