Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, қуатты мемлекетке айналып үлгерген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы елдері, VI–VIII ғасырлардағы Түрік, Түргеш, Қарлық қағанаттары, VIII–IX ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дəулеттері, XI–XIV ғасырлардағы Алтын Орда ұлысына ұласты. Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы — Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты.Менен қалған мынау Еділ жұрт!... – деп еңірейтіні осы тұс.
Қай кезде де ел басына үйірілген бұлт оның əйгілі тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның ұлы даласына көктей көшкен көшпелілер басынан бақыт құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау.
Филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітованың деректеріне сүйенсек, Қазтуған қазіргі Астрахан облысына (қазір Ресейге жатады) қарайтын Краснояр ауданы, Еділдің төменгі салалары Бозан, Ақтұба өзендері маңында дүниеге келген. Жыраудың ғұмыр кешкен кезеңі жайлы əр түрлі пікірлер бар. Əдебиеттанушы-ғалымдардың дені жыраудың дүниеге келген уақытын ХV ғасырдың 20–30 жылдарымен байланыстырады
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.