М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
shubinaale
shubinaale
01.01.2022 08:19 •  Қазақ тiлi

Мәтіннен детап және қосымша деталья акпаратты аныкталып, Су – тіршілік көзі
Сутришни та сусып тірших ететін ала аспіштели убылыстарының бәрі судан
капсумел пред ер бетин акша шаралсны да су спати моллір, әр оте кона беретін
дракат тагайсыз Бірақ су и жолтанда дай отты, ара бери ат балса да, егеп, кашла тесіп
енен оны емде өз ырына багындыра алмайды. Кез - келген каттыны жеңіп кетет. Жұмсақ
бера да отр. нарсен е магарыш жанре тады Муни барги олиш, бирак осылай әрекет етуге
ашмонін де жүреп дауаламайами, — деп бұдан еш жарым мың жыл бұрын прыр менен кытай
геоме одно — м а н н болатын
Бирма, три агаарын 75 пайызы судан тартыны баринге маа Таа сус ам амар сүре
лиш, су үнема тена, ауа мен отты, арсындағы антымен жүзеге асыраты
Суды ластанудан сақтау әр адамның міндеп отыстарды сул таптауға болмайды Судың тазалығын
саас Н. онын шындеп жануарларды османктерді сала анын
Heinr. етальдар
Косымша детальдар​

👇
Ответ:
bullet699
bullet699
01.01.2022

Сурет қайда сурет қойсайшы

4,8(92 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
JoiLok
JoiLok
01.01.2022
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
4,8(44 оценок)
Ответ:
haaahahaha12345
haaahahaha12345
01.01.2022

Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.

— Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, - деді. Төлеген айтты:

— Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты:

— Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың, -деді.

Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып Наурыз айы туғанда жүрді дейді.

Базарбайдың Төлеген,

Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып,

Он бес жігіт басшы алып,

Ақжайыққа жөнеген.

Айдың өткен шешесі,

Ай қараңғы кешесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Артынан қуып келіпті,

Өлгенде көрген шешесі.

Шешесі келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

«Мінгене аттың аласын,

Менен туған баласың.

Қал дегенде қаласың,

Айтқан тілді аласың!

Қал дегенде қалмасаң,

Айтқан тілдді алмасаң,

Құрттың анаң шарасын!

Өлгенде көрген қарағым,

Ата-анаңды зарлатып,

Қай жаққа кетіп барасың?

Анаң келді зарланып,

Әкең отыр сандалып.

Көре алмаған көп дұшпан

Сыртыңнан келер қамданып,

Сен кеткен соң, қарағым,

Кім ойлайды кемпір-шалыңды?

Сансызбай болса жас еді,

Жүреміз кімге алданып?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Қой, шеше-еке-ау, жылама,

Жылағаның бола ма?

Бекер босқа шеше-еке-ау,

Көзіңнің жасын бұлама!

Жиырмаға келгенше,

Маған қалың бермеген,

Тең құрбымдай көрмеген,

Құм құйылсын көзіңе,

Осы екен саған сыбаға!»

Шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегене не дейді;

« Кейін, балам, қайт-сана,

Анаңа сырың айт-сана.

Патша қызын алсаң да,

Өз еліңде жат сана.

Біреудің тілі тимей ме?

Қартайған атаң Базарбай,

Сенің үшін күймей ме?

Ел ішінде тентек көп,

Дүние кезіп жүргенде,

Тентіреген демей ме?!

Ата-анасын зарлатып,

Бір қыз үшін кетті деп,

Дос-дұшпаның күлмей ме?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Айналайын шешееке-ау,

Құмар иттей қаңғырып,

Бұралқы болар қораға,

Бір жорытпай шеше-еке-ау.

Сірә, көңілім тынар ма?

Талап қылға ісінен –

Ат басын ерлер бұра ма?

Жаман, жақсы болса да,

Алланың болар әмірі,

Өз айтқаның болар ма?

Тілімді алмай кетті деп,

Қапа болып жылама.

Мен Жайықтан қайтқанша,

Жүзіңді есен көргенше,

Ата-анамды, мал-жанды,

Тапсырым алла, құдаға».

Анасы сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Өлкенің көркі тал болар,

Өзеннің көркі жар болар,

Жігіттің көркі мал болар,

Малың болса, қарағым,

Қара басың хан болар.

Алуа асап, іштің бал,

Жая шайнап, жедің жал,

Кетер болсаң, қарағым,

Жылқыдан таңдап қырық жорға,

Өзіңменен айдап ал.

Сансызбай болса, жас еді,

Сен кеткен соң қарағым,

Сүйеніп кімге күн елтер –

Артыңда қалған кемпір, шал?»

Төлеген сондай сөйлейді:

«Мінгене атым ала-ды,

Сенен туған баламын.

Көңіліме түсіп бір хиял,

Сапар шегіп барамын.

Алла нәсіп айдаса –

Бір сұлу қызды аламын.

Алла нәсіп етпесе,

Ендігі сөздің қысқасы,

Мекке таман барамын».

4,5(44 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ