М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Эзоз
Эзоз
08.04.2022 00:07 •  Қазақ тiлi

Жер байлығына аяулы көзқарас. Еліміз СРО́ЧНО СОЧ ПО КАЗ ЯЗқазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз. (напишите монолог про родную землю)

👇
Ответ:
Dennie258
Dennie258
08.04.2022

Объяснение:

Жері байдың елі бай» демекші , қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі. Қазақстан мұнай мен газөте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады.

4,8(92 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ммаа2
ммаа2
08.04.2022
Күнделікті күйбең тіршіліктің әбден әдетке айналып, көз көріп, бой үйренген нәрселерінің өзіне ой жүгіртіп, содан ғибрат алар түйін іздеген ақын, ешкімге «мынау оң, мынау теріс» деп ақыл айтпай-ақ, саналы азаматқа «жан-жағыңды абайлап, өзің де бір бағдарлашы» дегендей ишара жасайды. Абайдың бұл шығармасында базар деп отырғаны - өмір. Өмір - үлкен базар. Одан да әр адам өзіне керегін іздейді, хал-қадіріне қарай қажетін алады. Ақынның: «Әркімнің өз іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар» деген жолдарында үлкен философиялық жасырын тұжырым жатыр. Өзі «біреу ұғар бүл сөзді, біреу ұқпас» деп өмір бойы сөзін тыңдата алмай келе жатқан халқына күдіктене қарағанымен, өлеңін «Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой», «Сәулесі бар жігіттер бір ойланар» деген үмітпен аяқтайды. Өлең мағынасыз өмірді тәрік етіп, елін, жұртын ғылымға, білімге, саналылыққа шақырудан жалықпаған ойшыл-ғұламаның бір сәттік көңіл-күйі, философиялық толғанысы іспетті. Өлең 11 буыңды аралас ұйқаспен жазылған. Мазмұнына сай сөз саптауы салмақты, әр жолы орнықты. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Абай Құнанбайұлының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Туынды ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.
4,6(37 оценок)
Ответ:
svetamax70
svetamax70
08.04.2022
Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты. Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен. Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты. Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады. О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі. Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен. Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді. Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді. Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті. Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады. Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды. Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті. Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.
4,4(27 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ