М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
LavaGuy111
LavaGuy111
11.06.2020 19:48 •  Қазақ тiлi

Составить.берілген етістіктерді өзгелік етіске айналдырып,сөйлем құра. келу,жазу,жарық көру,басу,бітіру,болу,басқару,атқару,ену.

👇
Ответ:
global234
global234
11.06.2020

Келгіз, жазғыз, жарық көрсет, бастыр, бітіргіз, болғыз, басқарт, атқарғыз, енгіз

Объяснение:

Арманды жақында болатын іс шараға келгіз. Дәптердегі сөйлемді жазғыз. Мысықты далаға шығар, жарық көрсет.Желімдеп, бастыр. Бау бақшаны жинауды бітіргіз. Тезірек болғыз. Асқарға топты басқарт. Асқарға өз міндеттерін атқарғыз. Мәліметтерді компьютерге енгіз.

4,4(27 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
алан62
алан62
11.06.2020
Менің мектебім. Менің атым Аида. Мен екінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және екі қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар. Менің сынып жетекшім Шелудько Татьяна Алексеевна. Ол бізге сабақты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз, ребустарды шешеміз. Ал, қазақ тілін Жумакаева Сауле Ертаевна береді. Маған қазақ тілі сабағы өте ұнайды. Мұғалім бізбен қазақша сөйлеседі. өлеңдерді жаттаймыз. Жиі қазақ ойын ойнаймыз. Мен «Алтын сандық» ойынын ұнатамын. Мектепте көптеген мерекелер өтеді. Біз би билейміз, үн саламыз. Мен өз мектебімді жақсы көремін.
4,6(18 оценок)
Ответ:
daria383ver
daria383ver
11.06.2020
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркем-өнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н.В.Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М.Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қ.Бәйсейітов пен А.Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, М.Әуезовтың «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралған жан екенін әйгілей түседі.

 Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

4,4(99 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ