3. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, редакциялаңдар.
Наурыз мейрамын да мал соймайды жалпы қан шығар
майды «Өсер төлге көбейер түлікке кесірі тиеді мал басы кеми
ді» деген тыйым бар. Сонымен бірге Ұлыс күні шаш-тырнак
алмайды өйткені адамның қара тырнағынан бастап әрбір
тал-түгiне дейін жаңарып түлейді жаңадан жан кіреді Нау.
рыздың бірінші күні кір жумайды жолға шықпайды құры-
лыс бастамайды іс тікпейді Аңға шығып мылтық атпайды
саятшылық жасап құс салмайды қақпан-түзақ құрмайды.
Өйткені бұл күн тіршілік әлемінің тойы.
(Зейнеп Ахметова )
Ораз Қаңлыбаев – Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері, конькимен алыс қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның 12 дүркін чемпионы және ел рекордын 7 мәрте жаңартқан. Әрі Кеңес Одағы құрамасына енген тұңғыш қазақ спортшысы (1952-53 жылдары өнер көрсетті).
Ораз Мұсағалиұлы 1931 жылы 7 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Мәскеу мемлекеттік орталық дене тәрбиесі институтын (қазіргі Ресей мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті) бітірген. Жеңіл атлетика, велосипед, волейбол, допты хоккей, бокс, коньки сынды спорт түрлерімен айналысқан. Алайда бұлардың арасында Ораз Қаңлыбаевтың атын шығарған және тарихта есімін қалдырған коньки спорты еді.