Маған өлеңдер ұнайд . Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, , сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.
Біздің үйдің қасында орман өсті.Онда ағаш өте көп,ол өте қалың.Ағаштардың жанынан өткенде, мен көжекті көрдім Ол кішкентай және әлсіз болды.Мен оны қолыма алып үйге апардым.Мектептен үйге оралғандаиол мені қарсы алатын.Мен оны пірәндікпен және нанмен тамақтандырдым.Бірақ ол көбінесе сәбіз бен жасыл шөп ұнататын.Бір күні атам көжекті туысымызға беріп қойды.Мен атама қатты өкпеледім.Бірнеше күн ішіп-жемедім.Тіпті онымен сөйлеспедім. бірнеше күн өтті.диванда отырғанымда, аяғыма бір нәрсе жармасты. аяқ астыма қарасам, өзімнің көжегімді көрдім. мен оны көргеніме өте қатты қуандым. оны қолыма алып құшақтадым, ол да мені құшақтады. мен оны қатты сағындым. көжегімді өте жақсы көремін.