М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
medi8
medi8
01.09.2022 11:20 •  Қазақ тiлi

Сұрақтарға жауап бер. 1) 22 – ші наурыз қалай саналады?
2) 21-ші наурыз күні даланы кім аралайды?
3) Халық Наурыз мерекесіне қалай дайындалады.?
4) Наурыз кһше неше түрлі тағамнан жасалады?
5) Осы күні адамдар неден тазарады?
6) Наурыз қалай тойланады?
7) Таң ата атқан таңды қайда қарсы алады?
8) Бүкіл ауыл қандай рәсім жасайды?
9) Адамдар қалай қуанады?

👇
Ответ:
Дисконет
Дисконет
01.09.2022

1) 22 – ші наурыз қалай саналады? Жауабы: Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Наурыздың мағынасы — наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.  Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.

2) 21-ші наурыз күні даланы кім аралайды? Жауабы: Халықтың мифологиялық түсінігінде 21-ші наурыз түні даланы, үй-үйді Қызыр аралайды, сондықтан «Қызыр түні» деп аталады.

3) Халық Наурыз мерекесіне қалай дайындалады? Жауабы: Қазақ халқы "жер мен көктің жаңаруы", "тіршіліктің бастауы" және "күн мен түннің теңелген уақыты" деп Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде атап өті келеді. Еліміздің батыс өңірлерінде Наурызды 14-наурыздан бастап "Амал мерекесі" немесе "Көрісу күні" ретінде тойлай бастайды. Еліміздің басты көшелері мен алаңдарында ақ киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттер өтеді. Ұлттық спорттық ойындар ойналады және құсбегілер де өз шеберліктерімен халықты тәнті етеді. Мейрамның басты тағамы – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Қазақтар, "ырыс-береке молаяды" деген сеніммен құйылған Наурыз көжені тауысып қою керек деп сенген.

4) Наурыз неше неше түрлі тағамнан жасалады? Жауабы: Наурыз көже дайындауда сүрленген ет пен қазы, бидай, ақ және сары жүгері, қатық (немесе айран), тұз және су осылай жеті түрлі дәм қосылады.

5) Осы күні адамдар неден тазарады? Жауабы: Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген.  

6) Наурыз қалай тойланады? Жауабы: Еліміздің басты көшелері мен алаңдарында ақ киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттер өтеді. Ұлттық спорттық ойындар ойналады және құсбегілер де өз шеберліктерімен халықты тәнті етеді. Мейрамның басты тағамы – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Қазақтар, "ырыс-береке молаяды" деген сеніммен құйылған Наурыз көжені тауысып қою керек деп сенген. Наурыз көжеден басқа бауырсақ пісіріп, ұлттық сүт өнімдерінен жасалған тәттілер мен ет тағамын дайындайды.  

7) Таң ата атқан таңды қайда қарсы алады? Жауабы: Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

8) Бүкіл ауыл қандай рәсім жасайды? Жауабы:Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын.  

9) Адамдар қалай қуанады? Жауабы:Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын.

4,7(89 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
BrenderMaster
BrenderMaster
01.09.2022
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
4,4(51 оценок)
Ответ:
Diamond1111111
Diamond1111111
01.09.2022
Мен көптілді білгім келеді. Шығарма
Мен көптілді білгім келеді. Қазіргі таңда 3 тілді ғана білемін. Олар; қазақша, орысша және ағылшынша. Ал испан және француз тілін енді үйреніп, меңгеріп жатырмын. Әлемде көп тіл бар. Олардың бәрін атасаң жарты сағат кетеді. Негізі, көптілді білген бізге көп пайдасын тигізеді. Шетелдіктермен сөйлесуге болады, танысуға, олардың не айтып жатқанын түсінуге болады. Алдымызда келе жатқан 2020 жылғы Токия-да болатын олимпиадаға барғым келеді. Сол елдің тілін түсіну үшін, сол тілді оқу керек, іздену керек немесе күніне 50 сөзден жаттау қажет. Бірақ сендер сол тілдерді жаттаймын деп, ана тілдеріңдң ұмытпаған жөн!

ЭТО МОЕ СОЧИНЕНИЕ Я ДРУГОМУ И Я ТЕБЕ НАПИСАЛА ТОЖЕ ТАКОЕ СОЧИНЕНИЕ
4,5(27 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ