Берілген жағдаяттардың біреуін таңдап , өз ойыңызбен ұштастыра отырып , тақырып қойып құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын ( эссе ) орындаңыз . Жағдаяттар а ) Менің досым бар . Ол өте келбетті , әрі сәнді киінеді.Елдің бәрі тамсанып қарайды . Сабағын да жақсы оқиды.Ата - анасының жалғызы . Бірақ оның бір кем тұсы мінезі өте нашар.Бірақ оған өз мінезі ұнайды . Мінезімен талай адамды ренжітті . Бірде мұғаліміміздің ескертпесін дұрыс қабылдамай , айқайлағаны бар.Сынып жетекшіміздің жүрегінің ауырып қалғанын көздерінен байқадым.Досым үшін қатты ыңғайсыздандым.Неден бастарымды білмедім ... ә ) Оның мінезі асыл мінез.Ешкімді ешқашан ренжіткен емес , дауыс көтеріп біреуге сөйлегенін де байқамаптым.Өзіне біреу ашуланса байыппен қабылдайды , бәрін өз ретімен түсіндіреді . Білімді , ақкөңіл адамдардың бірі . Бірақ ол сыртқы бейнесіне , киіміне мән бермейді . Өте қарапайым.Бірде салтанатты кеште ол тым қарапайым киініп келді . Ұжымындағы достары оған күле қарағандай болды , сырттан бақылап жүрген мен оған былай айтуды дұрыс көрдім .
Менің анам үй шаруасындағы адам, бірақ ол бұрын теміржолда жұмыс жасаған. Менің анамның көзі қоңыр, қаралау шашты жəне бойы қысқалау келген. Жасы 43-те. Менің анам өте жақсы адам. Ол мейірімді, еңбекқор жəне мені жақсы көреді. Анам жануарлар мен табиғатты ұнатады. Ол тамақты өте дəмді əзірлейді. Ал əкем станцияда жұмыс жасайды. Жасы 41-де. Əкемнің де көзі қоңыр, қаралау шашты келген, бойы өте ұзын. Əкем күшті, мейірімді жəне ақылды. Əкем мен секілді кітап оқығанды ұнатады.
Ал үлкен əпкем - студент. Жасы 19-да. Жанна өте əдемі, ұзынша келген жəне өте ақылды. Оның да көзі қоңырқай, қаралау шашты, бірақ ол ашық түске шашын бояған. Жанна мысықтарды жəне кітап оқығанды ұнатады. Біз көп ұрсысамыз, бірақ тез татуласамыз.
Мен өз отбасымды өте қатты жақсы көремін, оларда мені қатты жақсы көреді, біз бақытты отбасымыз!