М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lalana11
Lalana11
30.09.2021 11:41 •  Қазақ тiлi

Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады. Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.

1.   Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз.
А) Адам қайғысы - заман қайғысы.
В) Су - тіршілік көзі.
С) Күн күркіресе, көк дүркірер.
D) Жаңбыр жауса - жер ырысы                  ​

👇
Ответ:
элиза29с
элиза29с
30.09.2021

В) Су - тіршілік көзі.

Объяснение:

Себебі бұл мәтінде судың адамзат, тіршілік көзіне деген пайдасы туралы жазылған.

4,6(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lаня
lаня
30.09.2021

Ақшаңызды үнемдеуге көмектесіп, электр қуатына аз шығындалуға мүмкіндік беретін тәсілдер көп. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мұндай қулықтардың кейбірі қосымша шығын қажет етуі мүмкін. Мысалы, терезелерді жылылау. Бұл ретте бірақатар адам энергетикалық тиімді тұрмыс техникаларын алуды жөн көреді. Бірақ ең тиімді әрі ұтымды амал ретінде электр қуатын үнемдеп, қалтаңыздан артық шығын шығармайтындарын атай аламыз. Сонымен қатар табиғат ресурстарын үнемдеу арқылы күллі адамға ортақ ғаламшарымызды қорғауға атсалысасыз. Яғни жердің, ауаның ластануына, қышқылды жаңбырдың пайда болуына ықпалыңыз азайып, парниктік эффектіні жеңілдетесіз. Төменде аталған әдістерді қолданып көрсеңіз, ақшаңыздың үнемделуіне ғана емес, қоршаған ортаға да тигізер пайдасын байқайсыз. Бастысы, өте тиімді әрі тегін.Кір киімді суық суда жуыңыз. Бәлкім, кіржуғыш машина барабанды айналдыру үшін, электр қуатын көп тұтынады деп ойлайтын шығарсыз. Ал шындығында кіржуғыш машина жұмсайтын электр қуатының шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетеді. Егер кірді салқын сумен жуатын режимін таңдасаңыз, біраз ақша үнемдей аласыз. Жылы су киімдегі дақты кетіруде тиімді. Бірақ сапалы ұнтақ таңдасаңыз, кір киімді тазартуға суық су да тиімді. Сонымен қатар киім кептіргіш машинаны да қолданудың қажеті жоқ. Күн жылы болса, жуылған киімді далаға жайыңыз. Бұл кеңеске құлақ ассаңыз, тағы да біраз ақшаңыз қалтаңызда қалады әрі киіміңіз жұпар аңқитын болады. Киімді үйде кептірудің де өз тиімділігі бар. Оған қоса киіміңізге күте білгеніңіз жөн. Егер киімді кір жайғыштан немесе электрлі кептіргіштен сәл дымқыл күйінде алсаңыз, үтіктеген кезде көп қиналмайсыз. Ал электрлі кір кептіргіштен бас тартқыңыз келмесе, ылғалдылық тетігі бар түрін таңдағаныңыз абзал. Мұндай машинаға кір кептіру үшін көп уақыт қажет емес.

Компьютерді өшіріп жүріңіз

Компьютерді қолданбаған уақытта қосылған күйінде қалдырмаңыз. Компьютер мен мониторын өшіріп жүрсеңіз, біраз ақшаңызды үнемдей аласыз. Сонымен қатар электр қуатын 80 пайызға аз жұмсайсыз. Өз кезегінде ол атмосфераға шығарылатын иіс газының көлемін бірнеше килограммға азайтуыңызға мүмкіндік береді.

Үйді жылыту және салқындату

Егер үйіңізде термостат болса, қыс мезгілінде температурасын төмендетіп қойыңыз. Ал жазда салқындататын қызметін жиі қоспаңыз. Ұйықтап жатқаныңызда немесе үйде болмаған уақытыңызда жылуды сөндіріңіз. Мұның бәрі үйді жылытуға жұмсалатын шығынды азайтуыңызға көмектеседі. Жазда үйіңіз тым салқын болғандықтан, жылы киім іздеудің орнына, кондиционерді өшіріп қойғаныңыз жөн емес пе? Ал үйіңізге камин орнатсаңыз, оның бөлмеден жылуды тартып, мұржаға жіберетінін білгейсіз. Сондықтан үйіңізді жылытуға қанша күш салғаныңызбен, жылу мұржа арқылы шығып кететін болады. Яғни ақшаңыздың босқа ауаға ұшқаны. Бұл ретте жабық жүйелі, газбен жағылатын түрін таңдағаныңыз ләзім. Ол – әлдеқайда тиімді әрі үнемді.

4,7(4 оценок)
Ответ:
sweta2012
sweta2012
30.09.2021

Сіз тек мектепте ғана емес оқи аласыз. Бізді тек мұғалімдер ғана оқытпайды. Күн сайын біз бір-бірімізбен сөйлесу, оқу, тыңдау арқылы бір нәрсені үйренеміз. Ақпаратты мұқият таңдау керек, себебі олардың барлығы пайдалы болмауы мүмкін. Біз қазіргі уақытта қажетті білімді пайдаланамыз. Болашақта белгілі бір қызметке жету, жақсы маман болу үшін міндетті түрде оқу керек, әйтпесе армандарың орындалмай қалады. Бұл жағдайда сіз өз орныңызды тәжірибелі және білімді адамға бересіз. Мен, әрине, армандарымның орындалғанын қалаймын. Бұл заманауи адам болу үшін жақсы оқып, жақсы оқу керек деген сөз.Білім біздің өміріміздің бір бөлігі. Оларсыз біз ештеңе істей алмаймыз. Тесіктерді қайдан, қалай өткізеріңді білмей, шілтеріңді байлай алмайсың. Біз барлық білімді оқу арқылы аламыз. Үлкендерге университетке түсу үшін оқу керектігін үнемі ескертіп отырады. Жоғары біліммен бірге университеттерде немесе колледждерде алған арнайы білім сізге кейін жақсы әрі қызықты жұмысқа орналасуға көмектесед

Объяснение:

комектестим деген ойдамын)

4,6(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ