М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
statarincev2019
statarincev2019
06.06.2021 08:30 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1. Мәтінді оқып, онда көтерілген басты мәселені бір-ек-екі сөйлеммен жазыңыз.

2. Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты тауып, жазыңыз.

[5]

1-мәтін

Әдемі орауыштағы виртуалды өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?

«Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі гламурлық көріністерге толы. Адамның

жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті, бұрынғыдай

жүздесіп, көзбе-көз шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифт, дәретхана, ванна,

спорт-фитнес және өзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды. Тордағы қауымдастықтар

«эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды. Гламурдың бас сұқпаған саласы

жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге, тіпті, ғылым саласына да ендеп барады. Қазірде

әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік

желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл, әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема

болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды,

тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл «кесел» қашанға

дейін созылады? Келешекте интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады?

2-мәтін

Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?

«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам

әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті әлемнің ақпарат кеңістігінде оң

әсер еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.

Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта

алаяқтың арбауына түсіп қалуы өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді.

Әлеуметтік желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан

отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады.

Мұның соңы қайда апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор

игілігін пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді

жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп пе, қажеттілік пе?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
hellooiooooooo
hellooiooooooo
06.06.2021
«Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.
4,4(20 оценок)
Ответ:
KristinaZenchenko
KristinaZenchenko
06.06.2021
АСТАНА - столица Республики 
Астана (до 6 мая 1998 года - Акмола) объявлена столицей Республики Казахстан с 10 декабря 1997 года Указом Президента Республики Казахстан от 20 октября 1997 года и с одобрения Парламента Республики Казахстан.
Международная презентация новой столицы Казахстана - Астаны состоялась 10 июня 1998 года.
Первой столицей Казахстана с 1920 года был город Оренбург (ныне в Российской Федерации).
В 1925 году столица Казахстана была перенесена в Кзыл-Орду.
Сооружение Турксиба стало основной причиной переноса столицы в Алма-Ату. Юридически это произошло 3 апреля 1927 года, фактически переезд состоялся в 1929 году.
Перенос столицы из Алматы был обусловлен экономической, экологической, географической целесообразностью.
Алматы находится на большом отдалении от географического центра республики. Кроме того, по численности населения город приближается к отметке в 1,5 млн. чел. и становится малоперспективным по пространственному размещению. Город плотно застроен, густо населен и не имеет свободных площадей для своего развития. Обострены транспортные проблемы. В нем из года в год осложняется экологическое положение - по загрязненности Алматы выходит на первое место среди казахстанских городов.
После обстоятельного изучения всей территории Казахстана по 32 параметрам, среди которых: социально-экономические показатели, климат, ландшафт, сейсмические условия, окружающая среда, инженерная и транспортная инфраструктура, строительный комплекс, трудовые ресурсы и другие, из всех вариантов наиболее предпочтительным оказался город Акмола.
Состояние города, его территория, нахождение практически в географическом центре Казахстана и поблизости крупных хозяйственных регионов, на пересечении крупных транспортных магистралей, имеющаяся возможность увеличения численности населения до 400 тыс.чел., хорошо налаженное тепло-, водо- и энергоснабжение, развитая транспортная инфраструктура, нормальная экологическая обстановка определили этот выбор.
4,4(65 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ