М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
РОДЯ45
РОДЯ45
26.11.2021 23:29 •  Қазақ тiлi

Н АДО ОСТАЛОСЬ 2 ДНЯ УМОЛЯЮ
https://prnt.sc/10lwx6s

👇
Ответ:
алина3882
алина3882
26.11.2021

э где задание ???я не могу ответить на вопрос

4,6(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
tatsawi
tatsawi
26.11.2021

30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан  қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді.

4,6(54 оценок)
Ответ:
HastWay
HastWay
26.11.2021

Құрметті қазақстандықтар!!

Баршаңызды осынау қасиетті мереке – Ұлттық домбыра күнімен» құттықтаймын. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда жыл сайын домбыра күнін атап өту туралы шешіміне шын жүректен қуаныштымын. Бүгін осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда қасиетті домбыраны қолына алған халық әр алаңды күймен көмкерді. Домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Астананың өзінде 2000 домбырашы бір мезгілде бірнеше шығарма орындаған таңғажайып мерекені Елбасының өзі де тамашалады. Жылдар өте бүкіл қазақ халқы осы мерекеге домбыра ұстап шығып, шаттық күйін шертеді деп сенемін! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалды. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты бір мереке болмақ. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтініміз жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Ғасырлар бойы қазағымыздың серігі болып, қиындықта сүйеу, қуанышта көңілінің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленіп, мадақталуы үлкен қуаныш. Осындай мазмұнға толы мақсатты мереке құтты болсын! Биыл алғаш рет 1 шілде күні тойланғалы отырған Ұлттық домбыра күніне атсалысыңыз. Жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу-асу кезеңдерінен сыр шерткен күй-толғауларға, сыңғырлы сұлу ән-әуендерге құлақ түріп, ойға бөгіңіз, көңіл сергітіңіз. Баршаңызға Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!

4,7(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ