Бастауыш пен Баяндакышты табу керек.
Қасқырды киелі деп табыну қазақ халқына тән нәрсе қазақ руларының туында бәрінің
алтын басы бейнеленген. Жоңғарларға қарсы жорықта даңқы шыққан Жәнібек батырдың бөрі
басы салынған туы жау келер алдында дүрілдеп, немесе ерекше дыбыс шығарып, алда болар
айқасты білдіріп отырған.
Қасқыр - өте ақылды жыртқыш Ол ашық алаңқайларды ұнатады, себебі онда жемтігін
ұстау жеңіл. Әдемі және тез жүгіреді, бейне бір жерге бауырымен төселіп жатқандай әсер береді.
Қасқыр жемтігін екеулеп аулайды. Есту қабілеті ерекше жетілген. Қасқырдың өзге хайуандардан
дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес
келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі деп есептеледі. Олардың адамға көрінуі де сирек. Мұндай
Көк бөрімен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Қасқыр қайсар хайуан. Қайсарлығы оның кез-келген айқаста жеңіске жеткенше, не
жеңіліп демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қасқыр бір ғана отбасына ие және бөлтірік
тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтіріпін көкжалға айналдыру
бәрі-бәрі осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі
жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген жолдардан
бауырмалдықты және мәрттікті ұғуға болады. Ал, мәрттік тек бөрirе ғана тән.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады
Атау-Бұйымдар,Киімдер
Ілік-Бұйымдардың,киімдердің
Барыс-Бұйымдарға,киімдерге
Табыс-бұйымдарды,киімдерді
Жатыс-бұйымдарда,киімдерде
Көмектес-бұйымдармен,киімдермен