М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Topxic
Topxic
19.01.2022 03:26 •  Қазақ тiлi

1.оМәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Төрт түлік малдың бірі түйе- шөлге шыдамды, жүк артса- көлік, жесе –ет, ал жүні киімге жараған.Түйенің жүнінен шапан, жамылғы көрпелер жасаған, «аяқасты тастауға болмайды» деп төсеніш жасамаған. Түйенің шудасын қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Сүтінен емге пайдаланған.Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ т.б жасаған.
Сиыр малын қазақтар көбінесе көшке де, егіске де пайдаланған.Сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыс, қымыз ашытатын саба, сусын құятын торсық жасаған.Тезекті егіншілікте тыңайтқыш ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырткиім мен аяқкиім тігуге пайдаланған.Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, бау жасаған,кілем,текемет тоқыған.
Жылқыны көлік ретінде пайдаланған.Жылқының қымызын емге пайдаланған.Жылқының жал-құйрығынан арқан жіп еседі, етінен қазы-қарта ,жал-жая жасайды.

1.Түйенің қандай пайдасы бар?

2.Сиырдың терісінен не жасаған?

3.Қойдың жүнінен не жасаған?

4.Жылқының пайдасы қандай?

👇
Ответ:
ульяна7346
ульяна7346
19.01.2022

Объяснение:

1)Түйенің шудасын қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Сүтінен емге пайдаланған.

2)Сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыс, қымыз ашытатын саба, сусын құятын торсық жасаған.

3)Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, бау жасаған,кілем,текемет тоқыған.

4)Жылқыны көлік ретінде пайдаланған.Жылқының қымызын емге пайдаланған.

4,4(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Kirill1233341
Kirill1233341
19.01.2022

Объяснение:Жомарттық – қайырымдылық тамшысы.

«Жомарттың аты талай жыл өтсе де ел аузында жүреді» деп Рашид-әд-дин айтып кеткендей, жомарттық немесе жауанмәрттілік, кеңпейілділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жмарттық дегеніміз – қолыңдағы бармен өзгемен бөлісу. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.

Менің ойымша, жомарттық отбасынан, яғни отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Мысалы, біздің анамыз үнемі бізге «бір тілім қара нан болса да, бөліп жеңдер», «өзгелермен бөлісіңдер» деп жадымызға құйып отырады, сондықтан біздің қолымызда бір қампит болса біз бөліп жеуге тырысамыз, ешкімнен қолымыздағы нәрсені аямай, кеңпейіл болуға тырысамыз.

Бүгінгі таңда елімізде қайырымдылық қорлар мен қайырымдылық науқандар жиі өткізіліп тұрады, біз де осындай қайырымдылық іс – шараларынан қалыс қалмай, мүмкіндігімізше аи салысуға тырысамыз. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы өте орында айтылған секілді, себебі жомарт эандар мұқтаж адамдарға көмектесіп, демеушілік танытады.

Қазақ халқы жомарттық қасиетті ерекше ардақтап, балаларына «Жомарт» деген есім беріп жатады. Тіпті халық арасында дарқандылығымен танылған адамды «Атымтай Жомарт» бейнесімен ұштастырып жатады.

4,6(54 оценок)
Ответ:
Бала күнімнен әжем қарапайымдылық, мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Олар - адам бойындағы ізгі қасиеттер. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту, қарапайым болу - мен үшін адамдықтың белгісі іспетті.

Әжем қарапайым болуды, өзгені ойлауды, қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Қарапайым болудың, мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.
4,5(71 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ