1-тапсырма. Мəтінді оқып, ат қойыңыз, негізгі ойды анықтаңыз. Төрт түлік– түйе, жылқы, сиыр жəне қой-ешкі малдары. Жұп, аша, айыр тұяқты жəне тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бəрін қосып халық «аяқты мал» деп атайды. Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе – сордан (сортаң, ащы шөпке əуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы – желден (желден жүйрік), сиыр – судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой – пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкі – тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты-мыс.
Текті мал– киелі де. Халық аңызында төрт түлікті көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін жебеп-жебелейтін қамқоршы пірлер бар. Олар: түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата (Жылқышы ата), сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шекшек (Сексек) ата. Балық пен егін де атасыз емес. Балықтың пірі – Қарабай, егін атасы – Дихан баба.
Сан ғасыр көшпенді дəуірде тұрмыс – тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадір-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып, малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып (əрқайсындағы мал саны белгілі), əр түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, тағы басқа қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей, бір ізділікпен сұрыптау (селекция) жүргізіп, көрікті, сұлу, əсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Əсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мəн берген.
Қазақ халқы малды аса жоғары бағалаған. Түйені – байлық, салтанат, жылқыны – сəндік, мақтан, сиырды – ақтық, қанағат, қойды – қазына, мырзалық санаған. Бауыр еті балаларын құлшына сүйіп, өбектеген
аналардың біздің халыққа тəн жан тебірентер «Айналайынына» жалғастырып, төрт түлік төлдерінің атауымен «Ботам, құлыным, қозым, қошақаным» деп сүйсінуінде филисофиялық терең мағына жатса керек.
Қазіргі өркениетті заманда ертедегі ата кəсібіміз – мал шаруашылығы ел экономикасының кейінгі сапына ығысқанмен, тарихи, тұрмыстық жəне шаруашылық мəні жойылмақ емес. Сондықтан «Құланның құлағына ойнаған» малжалды қазақ ұрпағына төрт түліктің тұқымдық жүйесінен өрбитін атауларын біліп, жадына сақтағаны абзал.
Мəтіннің тақырыбы: (1) Мəтіннің негізгі ойы:
Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.
Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
Уық– шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.
Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.
Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).
Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.
Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.
Желі– керегені құрайтын ағаштар.
Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.
Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.