М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
podenas1969
podenas1969
03.08.2022 12:35 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орында ( ). Спорт – денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа деп бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Бірінші байлық - денсаулық» немесе «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, жан мен тән саулығын қоршаған ортада дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.

1. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың қанша түрінен жаттығу жасау керек?

a) 35

b) 33

c) 31

d) 32

e) 34

2. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажырат.

Ақпараттар дұрыс

a) Спорттың қандай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты.

b) Н.Назарбаев спортты бірнеше түрге бөлген.

c) Денсаулық - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.

d) Спортпен айналысқан адам әлсіз болады.

[1]

2 -тапсырма Тірек сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құра. Сөйлемдерде ыңғайластық, қарсыластық мағынадағы жалғаулықтарды қолдан. ( )

Тірек сөздер: түн, қараңғы, шоқжұлдыз, Жетіқарақшы, көмектеседі, құпия, жұлдыздар, расытхана.

3-тапсырма.. Мезгіл және мекен үстеулер қолданылған сөйлемдерді белгіле ( )

a) Қазақстан Республикасы жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр.

b) Қазір біз тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын орындап отырмыз.

c) Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар бір қадам алға жылжыды.

d) Жыл сайын біздің Галактикада 50 жаңа жұлдыз дүниеге келеді.

e) Мен бүгін компьютерде ұзақ отырған жоқпын.

4-тапсырма Жазылым

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, хабарландыру құрастырып жаз. Хабарландырудың жанрлық, стильдік ереркшеліктерін ескер. ( ).

1) Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған мектепшілік «Шынықсаң шымыр боласың» спортық ойындар жарысы туралы хабарландыру.

2) Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мектепшілік «Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы» тақырыбындағы поэзия кеші​

👇
Ответ:
PuvMan
PuvMan
03.08.2022

1 b

2 c

Могу ответить на эти вопросы извини

4,7(52 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
artemivanyk200
artemivanyk200
03.08.2022
 

Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.

Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.

Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Объяснение:

4,4(17 оценок)
Ответ:

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

4,6(40 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ