М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
karipovilna
karipovilna
08.09.2021 04:08 •  Қазақ тiлi

Менің Отаным – Қазақстан Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әртүрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарарлар мен немістер, украиндар мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әртүрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да орыстар да қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.Мен қандай бақыттымын,өйткені сен барсың,менің Қазақстаным!

1.Мәтін бойынша адам қай кезде бақытты болады? [ ]

А) Отанын сүйгенде В) Жанұясы көпұлтты болғанда

С) Жері бөлінбегенде Д) Білімді ұрпақ өскенде

2.Мәтін қандай үлгіде жазылған?

А) Эссе В) Хат С) Мәлімдеме Д) Жарнама

3. Мәтін бойынша бейбітшілікті сақтауға қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білу көмектеседі, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін (4-5 сөйлем арқылы) жеткізіңіз. [ ]

Ә мәтіні

Ас – адамның арқауы

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, «Ас – адамның арқауы»-деп, қадірлей білген. «Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды», «Астан үлкен емессің», «Ақты төкпе», «Нанды шашпа», «Ақ құйып шығару» деген мақал-мәтелдер мен ырым, тыйым сөздер осының дәлелі. Қазақтың дастарқаны қашанда ет, сүт, ұн, дәнді-дақылдардан жасалған тағамдарға бай. Әрине, олардың әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Шынында, қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Қазақ халқында дастарқан мәдениеті жақсы сақталып, дастарқан басында асқа байланысты мақал-мәтелдер мен ас қайыру батасы айтылып отырған. «Таңертеңгi асты қалдырма, түскі асқа телмірме, кешкi асты бақпа» – деп келетін тұрақты сөз тіркестері қазақы ортадағы дәстүрлі наным-сенімге негізделген ас қабылдаудың күнделікті тәртібін бейнелейді. Рас, жүйелі тамақтанбау және ағзаға сіңімді тағам пайдаланбау адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Меніңше, қазақ халқының тамақтану ережесі туралы көптеген ұлағатты сөздері медицинада дәлелденген.

Ас – адамның арқауы, дұрыс тамақтану күніміздің сәтті өтуінің кепілі.

1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз [ ]

А) Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген.

В) Медицинада тамақтану ерекшелігіне үлкен мән береді.

С) Адам ағзасына дәнді дақылдардан дайындалған тағамдар өте пайдалы

Д) Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан.

2.Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты таңдаңыз [ ]

А) Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді-дақылдардан жасалмайды.

В) Қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.

С) Қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.

Д) Ет тағамдары, сүт тағамдары, теңіз өнімдерінің адам ағзасына тигізер пайдасы жоқ.

3. Жүйелі тамақтанбау және ағзаға сіңімді тағам пайдаланбау адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді.., сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін (4-5 сөйлем арқылы) жеткізіңіз [ ]

4. Демеулік шылау кездескен сөйлемді анықтаңыз [ ]

А. Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған

В. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді, сондықтан бұл ережелерді үйлестіруде шлюз құрылғысы қызмет етеді

С. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне дыбыстық хабар, құжаттар мен фотосуреттерді жіберу ғана жатпайды

Д. Электронды Web – құжаттарды принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға арналған

5. Бейнелеуіш сөз кездескен сөйлемді табыңыз. Дұрыс жауап саны:2 [ ]

А. Өзіне бір қараған бала үйіріліп, елпілдеп дос болғысы кеп тұратын, ерекше бір қасиеті бар бойында.

В. Сыртқы есік сарт етті де, үйге асыға Асқар кіріп келді.

С. Көлбеңдеп біреу қасынан өткендей болды.

Д. Екеуі сөйлеседі, бірақ бірінің тіліне бірі түсінбейді, сонда да бірін-бірі түсінген адамдардай-ақ тырсылдаған дыбысқа қарады.

если че вот номер 87771714596

👇
Открыть все ответы
Ответ:
oleksiikrasuyk
oleksiikrasuyk
08.09.2021

Мұқағали Мақатаев - (1931-1976 жж.) қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындарының бірі.
Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. 
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. 
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. 
Ал махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. 
Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр – адам сезімін табиғаттағы бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали поэзиясынан заңды жалғасын тапты. Мысалы:
...Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеннің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...

4,8(93 оценок)
Ответ:
elizavety
elizavety
08.09.2021

Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.

Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.

Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.

4,6(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ