Өкінішке орай, қазіргі заманда нашақорлық туралы жиі еститін болдық. Бұл мәселемен қалай күресуге болады? Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады.
Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік. Бұл белгілер өз-өзі төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады.
Объяснение:
думаю хоть как то
Менің бала кезімнен келе жатқан арманым журналист болу еді. Сол арманыма қол жеткізіп келе жатырмын десем,қателеспегенім. Осы мамандыққа баулыған адамдардың бірі, ол өзімнің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен беретін ұстазым болды. Ол кісі әрдайым қол ұшын беріп, еңсемді ұстайтындай жылы сөздер айтатын.
Енді, міне, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3-курс білімгері болып отырмын.
Журналистикаға қызығушылығым былайша оянды: қоғамдағы басылым беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды қызыға оқып, теледидардан шебер сөйлейтін дикторшыларға қызыға қарайтынмын. Мектепті бітіретін кезде, мен өзіме: « Мен білікті,халықтың сөзін сөйлейтін журналист боламын!»,- деп серт бердім. Ойы озық, қаламы ұшқыр журналистер қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, сан қилы оқиғаларға куә болады. Бұл мамандық осы қырымен де қызықты болып көрінеді.
Құдай Бұйыртса, өзім таңдаған мамандығымды жақсы бітіріп, сол мамандықтың иесі болсам арманым жоқ болар еді. Дегенмен де, адамның арманы ешқашан таусылмайды ғой. Болашақта патриотқа, білімге, денсаулыққа, қоғамға байланысты мақалалар көп болады деген мақсат бар.
Тағы айта кетерлік жайт, ол « Жас журналистер» ұйымы тек қана университет қабырғасында емес, сонымен қатар мектеп қабырғасында жүргізілсе жақсы болар еді. Себебі, журналист боламын деген бала, мектеп қабырғасынан бастап, мақала жазуды үйренеді. Болашақ қаламгерлер жан-жақты ойлары өрби түседі.
Ең өкініштісі, ақиқат бар жерде, өтірікте жүреді. Мысалы, газетке мақала жазсаң,ақиқаты бар, ол мақаланы қиып тастайды. Өйткені, қазіргі таңдағы журналистер өкіметтен қорқады. Қорқатын себептері де бар, ақиқатты жазсаң, ертеңінде басын көшеде жатады. Қазіргі журналистер бұрынғы журналистерге жетпейді. Ол кездегі журналистер тайсалмайтын, бәріне төтем беретін журналистер болған. Тіпті, халық үшін жанын пида ету, оларға қорқыныш болған жоқ. Бұл жағдай тек қана ба зде ғана емес, сонымен қатар телевизияда да осы.
каланын жузге тарта адамы ол