Мен 25 жыл әскерде болдым.біле білген кісіге бұл үлкен университет.осы 25 жылдың ішінде талай кездестім,сабақ алдым.талай генералдың қол астында жұмыс істедім,тәрбие алдым.өйткені командир деген әскери педагог қой. мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын.отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім.өз халқын құрметтеп,сүймеген опасыз,оңбаған .өз елінің бағасын білген ғана басқа елді қадірлей алады.өйткені халықтардың туыстығы алдымен ң өз халқына сүйіспеншілігіарқылы ғана келеді.мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші!
Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез уйренін құс. Аққу – қазтәрізділер тобына жатады. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді. Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Олар сонымен қатар, ұша алатын үлкен құстар қатарына да жатады.Аққудың тусі ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді. Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді.