Үркер. Қазақ дүниетанымындағы танымал шоқжұлдыздың бірі. Оны біреулер алты жұлдыз, біреулер жеті жұлдыз деп атаған. Үркер көне түркілік атау болғандықтан, оның шығу төркініне халықтың дүниетанымындағы аңыздар негіз болған деседі. Яғни Жетіқарақшы мен Үркер жұлдызы жайында кездесетін аңыздардың бірінде Жетіқарақшы Үркердің қызын алып қашады. Содан үркіп қашқандықтан жұлдыздар тобы Үркер атанған екен. Жетіқарақшының жанында тығыла орналасқан бір жұлдыз бар. Ол Үркердің Жетіқарақшы алып қашқан қызы деседі
Мен-тәуелсіз елдің ұланымын! Мен егемен мемлекетте өмір сүремін. Бірақ бұл тәуелсіздік менің еліме оңай келген жоқ. Бізге,яғни,болашақ ұрпаққа тәуелсіздік сыйлау үшін ата- бабаларымыз өз жандарың аямаған. Осы кісілердің арқасында біз бейбіт елде,тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Тəуелсіздік алғанымызға жақында 25 жыл толады. Осы 25 жыл еліміз үшін даму жылдары болды. Осы жылдар бойы еліміз өз тəуелсіздігін сақтап ,əрі дамып келеді. Еліміздің осындай күнге жеткені ата-бабаларымыз бен тəуелсіз еліміздің мамандарының арқасы. Олардың осы еңбектері мен ерліктерің ақтау үшін біз де еліміздің дамуына, қазір болмаса кейін,өз үлесімізді қосуымыз қажет !