1. Әрбір қазақ Абай шығармаларымен таныс болуы міндет. Мен оның 45 қара сөзін жаттаймын.
2. Мұқағалидің өлеңдерін жатқа білуім керек.
3. Қазақтың көнерген, қолданыстан шыққан сөздерін және олардың мағыналарын білуім қажет.
4. Қазақ халқының тарихы туралы деректі тарихи фильмдерді көп көремін.
5. Қазақ тілім мен Отаным жайлы эссе шығармалар жазуым керек.
6. Түрлі Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты қоғамдық іс-шараларға көптеп қатысуға тиіспін.
7. Бүгіннен бастап мейілінше тілдің тазалығын сақтап сөйлеймін.
Көнте – қон теріден жасалған қалың, жалпақ белдік.
Қамқа тон – иі қандырылып өңделген жұмсақ қой терісінен, қамқадан, өзге де әдемі аң терісінен жаға салып тігілген, қаусырмамен түймеленетін бағалы киім.
Құлақшын – аң терісінен, елтіріден тігілген, құлақты жауып тұрар бөлігі бар жылы бас киім.