Жол қауіпсіздік ережелерін бәріміз де сақтауымыз керек, ол ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін. Жаяу жүргінші де, көліктегі жүргізуші де ережеге сай жүруі шарт.
Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады.
Ал көліктегі жүргізуші болса, жол белгілеріне сай жүріп, оларды бұзбау керек. Жаяу жүргіншіліерге арналған жолға жақындаған кезде көліктің жылдамдығын азайтып, жүргіншілер болса, соларды өткізіп, сосын жүруіне болады.
Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғышартын қалады.
Адамдардың күнделікті еңбекпроцесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғатқұбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.
Жол ережесі