М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
горро1
горро1
25.03.2023 18:57 •  Қазақ тiлi

Киіктер қазақыстан бойынша қайдерде көп​

👇
Ответ:

Сайги очень много, где-то около 300 тысяч обитает в Казталовском и Жанибексом районах. Основной наплыв миграции идет по этим районам.

Объяснение:

Вот

4,6(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Михаил1946
Михаил1946
25.03.2023

Крест жорықтарының салдары. Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті.

Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтарынан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсіп, ішкиімдерін, төсек-орындарын ауыстырып түруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үшіншіден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.

4,8(33 оценок)
Ответ:
anatolibikov1
anatolibikov1
25.03.2023

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

4,4(72 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ