Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы- жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жерін баса көктеп енуін білеміз. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауытпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. Қалмақ қолына қарсы тұрған қазақ қолын Абылай хан басқарып, оны Айдаболдан Аталық батыр мен Сүйіндік елінен шыққан Олжабай (1696–1792 ж) батырлар қолдаған. Қалмақтар арылғаннан кейін Абылай көрші Қырғыз, Ташкенттегілермен ерегісіп, оларға қыр көрсеткен. Олжабай Абылайдың бұл саясатына қарсы болды. Бұхар жырау Олжабайды қолдайды. Осы тұста халық аңыздарында Олжабай келіссөз жүргізіп қырғызды соғыссыз бітіреді-міс. Ауыз бірлігі мол кезінде Абылай қолы қалмақтың Қалден Серен хонтайшысын Қарқаралы, Баянауыл жерлерінен ығыстырып, көп олжалы болады. Бұхар Бөгенбайдың өлімін хан Абылайға естіртуші жыраудың бірі. Ол батырдың тарихи рөліне танып, оған деген халықтың қайғысын хан қайғысына ұштастыра жырлаған. Қазақтың даңқты батырлары қатарына алып, оны даралай да білген:
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұштаспай қып торлады.
Құлағанға ұқсайды,
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғырамыз ханзадам,
Айтпасыма болмады-
Батырың өтті Бөгенбай!
Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген. Әсіресе, оның толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленген. Мысалы, «Қилы заман» толғауындағы мына бір жайлар «Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол н
Тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған қан майданда ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухын көтерген орден-медальдардың неше түрін партиялық бақылау күшті болған Кеңес одағы тұсында да коллекционер азаматтардың қолынан жиі көретінбіз. Тіпті Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс паркінде коллекционерлердің жайма базары жексенбі күндері сауданы қыздыра түсетін. Өкінішке қарай, кейбір ұлт өкілдері өз өмірінің өлшемі іспеттес сый, тірісінде тағдырына бұйырған мемлекеттік марапаттарды өз қолдарымен әкеліп сататын. Бір қызығы, жайма базардан Германия, Ресей, Жапония, Англия секілді елдердің де мемлекеттік орден-медальдары сол кезде-ақ көздің жауын алып, қолдан қолға өтетін. Бертінде, Тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта орден-медаль сату «модаға» айналды және олардың бағасы да шарықтап шыға келді. ЂӨткені бұрындары костюмнің омырауын жыртып жіберуге шақ тұратын «темір-терсекті» қызық үшін жинайтындар, енді оның құрамындағы бағалы металдардың (алтын, күміс секілді) салмағына қарайтын болды. Олардың арасында сатып алуға мүмкін емес ордендер де болған. Айталық платинадан жасалған «Жеңіс» ордені алғашында 22 данамен ғана шығарылып, ол санаулы адамдардың кеудесіне тағылған. Әскербасыларының арасында 11 адам алса, солардың ішінде И.Сталин екі мәрте марапатталған. Тіпті соғыстағы одақтас елдердің атақты қолбасшылары да осы орденнің иегерлері атанған. Осы орденнің бірін кезінде Нью-Йорк қаласының мэрі болған Джон Рокфеллер аукционда 7 миллион долларға сатып алыпты. Яғни соғыста отқа оранған ордендердің бірі коллекционерлердің бірі айтулы аукциондарда түссе, енді бірі амалсыз ақшаға айналған. Мысалы, Ленин ордені базарда 200-500 АҚШ долларын құрайды. Жалпы, осы орденнің саны 700 мың данаға жуықтайды екен. Осылардың тең жартысы сатылғанда да коллекционерлер қалтасын қампайтып алғаны шындық. Бірақ адамға көрсетілген құрмет пен сыйдың саудаланғаны дұрыс па? Бұлай бола берсе, күні ертең жас ұрпаққа не көрсетеміз? – Жалпы, коллекция жинау дәстүрі ежелден бар. Бұл – дамыған елдерде сауда-саттықты ұйымдастырудың бір жолы. Мәселен, құрамында күміс бар 1930- жылдары шығарылған Ленин ордені Батыс елдерінде 7-8 мың АҚШ долларына сатылған кездері де болыпты. ІІ дәрежелі Ушаков ордені 14 мың неміс маркісіне бағаланған кездері бар. Мұндай сауда бізде де бар. Ђкінішке қарай, орден-медалін кейбіреулер күнкөріс қамымен түкке тұрмайтын ақшаға да ұстатып жібереді екен. Меніңше, бұл дұрыс емес. Біріншіден, кеудеге тағылған темірдің құнын ештеңемен салыстыра алмайсың. Ол – әр адамның еңбегі, ерлігі, абыройы, намысы үшін берілген дүние. Ђз басым, өзіңе көрсетілген құрметтің құнын жоғалтудың жөні жоқ деп есептеймін. Қайта біздің халқымыз аталарының сенімін ақтап, сый-құрмет көрсетуден жалықпаған. Сол себепті де болар, олар жайма базар түгілі дүкендердің ішіндегі коллекция сататын дүңгіршектерге де өз қолымен орден-медаль өткізіп көрген емес. Бірақ үйде тұрған осы құндылықтарды сақтау – үлкен мәселе. Осы жерде менің айтарым, ардагерлердің артында қалған орден-медальдарды жергілікті музейлер, мектептер қабылдап алып, оларды көрнекті жерлерге іліп қойғаны дұрыс. Бұл келешек ұрпаққа өнеге, үлкен сабақ болар еді, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының докторы Уахит Шәлекенов ағамыз. Ђкінішке қарай, коллекционер-фалеристердің бағы жанып тұр. Олардың қолындағы ардагерлерден қалған «аманаттар» килограмдап емес, тонналап саналады. Алайда қазақстандық «темір жинаушылар» өз іс-әрекеттерінің заңға қайшылығын біле бермейді. Әскери наградаларды сату Қылмыстық кодекстің баптарына сай келмейді. Себебі онда «Мемлекеттік наградалар мен ресми құжаттарды өткізу немесе сатып алуға» болмайтындығы айтылған. Ал құнды заттарды саудалаушылар ірі мөлшерде айыппұл төлейді. Соған қарамастан, от ішінен оралған ордендердің ойыншыққа айнала бастағанына біраз уақыт болды. Бұл үшін жауап беріп жатқан жан баласы жоқ.