Аяна: - Анашым,ал кітапхана деген не?
Анасы: - Кішкентай қызым менің.Саған қалай айтсам екен...Кітапхана бұл көптеген кітаптардың қоймасы.Онда неше түрлі кітаптар бар.
Аяна: - Тіпті ертегілер де ме?
Анасы: - Әрине,ботам.
Аяна: - Ал кітапханашы деген ше?
Анасы: - Кітапханашы деген сол кітаптардың орнын жатқа білетін,кітаппен дос және сен қалаған кітапты оңай тауып беретін адам.
Аяна: - Онда мен өскенде кітапханашы болғым келеді.
Анасы: - Әрине,сеннен білікті кітапханашы шығушы еді.
Аяна: - Анашым,мен сіз алып берген барлық ертегі кітаптарын оқып бітірдім,жаттап та алдым.Енді маған үлкендер оқитын кітап оқуға бола ма?
Анасы: - Саған әлі ерте.Тағы кітап оқығың келсе,бұл жолы кітапханаға менімен бірге жүр.
Аяна: - Алақай!
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Объяснение:
Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар.