М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
gbgar
gbgar
23.05.2021 01:37 •  Қазақ тiлi

Аққулар ұйықтағанда қысқаша мазмұны​

👇
Ответ:
gamerXpro
gamerXpro
23.05.2021

Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.

4,6(59 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
chesht
chesht
23.05.2021
  Үш тілділік – заман талабы

                                                             

    Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да

қастерлі, құдіретті. Бүгінгі

нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан

көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы 

азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.

  

Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты

мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана

тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.

    Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты

сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті

адам бола алмайсың.

  

Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен

жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың

дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни

полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек.

     «Елу

жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің

көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және  әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл

қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара

ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.

        Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006

жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы»

- «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды.

Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ

тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»

атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының

нақты жоспарын айқындап берді.Елбасының бұл жоспары Қазақстанның әлемдік

дағдарыстың қашан аяқталуын күтпей өзіндік даму стратегиясын алдын ала  белгілеуі деп айтар едім. Президентіміз тек экономиканы ғана

емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша

дамытуға көп көңіл бөлгендігін ерекше атап өтті. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру

қажеттігін меңзеді.

     Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың

“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды

ұсынамын. Қазақстан

бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.

Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және

ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы

үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік

оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары

деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз

міндет” - деп етекше атап көрсеткен.

 

Білім министрі  2019 жылға дейін  елімізде үш тілді білім беруге көшуде еш

кедергі болмауы керек деп санайды. 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретінін айтты. Бір айта кететіні, мектепте жоғары

сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ( химия, физика,

биология,информатика) ағылшын

тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай

жасайтынын тілге тиек етті.

 Ал, еліміздегі орыс мектептеріндегі

«Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде және де 

қазақ мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәнінің орыс тілінде жүргізілетінін

айтып өткен болатын. Бұл Қазақстанның барлық

мектептерінде де осылай жүретінін меңзеген болатын. Осылайша еліміздің білім

алушы әр перзенті үш тілді еркін меңгеретін болады. «Бұндай ықпалдасу оқушы

үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде

оқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», - деген болатын министр Е.

Сағадиев.

     Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың

кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.

Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста

немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда

ағылшын тілі «21 ғасырдың»,

халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.

    

  

  Үштілді оқыту – жас ұрпақтың

білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына

үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты

қажеттілік.

    Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді

дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.
4,7(98 оценок)
Ответ:
Ксения0112387
Ксения0112387
23.05.2021
Еменнің орманында ол бұтақтарынан ұйықтап, қасқырға түсіп, алдымен қасқырға құлап түскен кезде, ол бұтақпен секіріп, сиқырды оған жеуге болмайтындығын сұрадысиқыршы мені жеуге болмайды, жақсы болсын, қасқыр дос болайыққасқыр жақсы, мен сізге рұқсат беремін, бірақ алдымен мені неге ашуландырды?ақуыз, мен сізден қатты қорқамын, алдымен рұқсат етіңіз, мен сізге жауап беремінҚасқыр сиқырды босатып жіберді, ал сиқырлы еменнің жоғарғы бөлігіне секіріп кеттісендердің бәрі сендерді зұлымдық пен қорқынышты қорқытады, бірақ біз ешкімге мұқабаны қорқытпаймыз, біз ақылдыбыз және ешкімді жаман істемеймізқасқыр Мен қазір ешқашан жамандық пен жамандық болмаймын, мен жақсы болуға тырысамын (Так пишет переводчик)
4,4(39 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ