Объяснение:
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.
Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады.
Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.
" Табиғатқа, жануарларға, құстарға адамның қастандық жасауы»
Жануарлар мен құстар табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылады.Оларсыз біз өмірімізді елестете алмаймыз.Алайда жануарлар мен құстарға теріс әсер ететін адамның әрекеттері олардың санын азайтуы мүмкін.Қоршаған орта проблемаларының бірі-орманды кесу.Себебі ормандарда фотосинтез кезінде ауаға оттегі шығаратын көптеген ағаштар мен өсімдіктер бар,олар бізге және барлық басқа организмдерге тыныс алу үшін қажет.Оттегі жеткілікті болмаса,біз өле аламыз, сондықтан сіз ормандарды кесіп тастай алмайсыз.Адамдар көбінесе әртүрлі жануарлар мен құстарды аң аулайды,бұл жануар жойылу қаупі бар деп ойламайды.Адамдар табиғатқа теріс әсерлерден басқа,табиғаттың жағдайын жақсартатын,жануарлар мен өсімдіктердің ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін оң әрекеттерді жасайды.Мысал ретінде ағаш отырғызу,саябақтар құру,демалыс аймақтары, өсімдіктер көп.Жануарлар мен кейбір өсімдіктерді қорғау үшін осы жануарлар мен өсімдіктер қорғалатын қорықтар мен қорықтар құрылуы мүмкін.Қазіргі уақытта Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін сирек кездесетін түрлер қорғалатын және қорғалатын қорықтар мен қорықтар құрылады.
Объяснение:
Надеюсь тут все понятно, тут все по теме))