М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Анечка12311
Анечка12311
04.01.2023 06:49 •  Қазақ тiлi

Составьте диалог на тему: Компьютердің пайдасы мен зияны

👇
Ответ:
RealBohdan
RealBohdan
04.01.2023

-Сәлем, Айбек!

-Сәлем, Азамат!

-Қалың қалай?

-Мен де бәрі жақсы, сендеше?

-Мен де де бәрі жақсы. Менің саған сұрағым бар. Сенде компьютер бар ма?

-Иә, мен де компьютер бар.

-Ал сен компьютердің пайдасы мен зиянын білесің бе?

-Жоқ, білмеймін

-Достым, компьютердің зияны мен пайдасын әр адам білу керек

-Мәссаған, білсең маған айтшы

-Жақсы, айтайын. Компьютер арқылы адам кез келген жерден тағамға ұсыныс қылып, дүкенге бармай-ақ киімге ұсыныс бере алады. Адам ауа-райын компьютер арқылы болжай алады. Кез-келген хатты үйінде отырып, басқа елдегі досына жібере алады.

-Мәссаған, күшті!

-Иә, бірақ өкінішке орай компьютер адамға зиян да бола алады.

-Маған компьютердің зиянын айта аласың ба?

-Әрине, компьютер адамның көзіне зиян және компьютерде көп отыра берсең ден саулығыңа да жаман әсер етеді. Одан басқа қазіргі адамдар компьютерге тәуелді болған. Олар еріншек болып, барлық істерін компьютерге тапсырған.

-Жаман екен, бұл зиян жағынан құтылуға бола ма?

-Жоқ, болмайды. Бірақ қатты жаман әсер етпеуі үшін адам әр 20-30 минут сайын көзіне жаттығу жасап немесе далаға шығып келуі қажет. Көзі мен экранның ара қашықтыңы 4-5 метр болуы тиіс. Және адам 1-1.5 сағаттан көп отырмауы қажет.

-Көп рақмет достым. Мен енді компьютердің зияны мен жақсы жақтарын білемін!

-Оқасы жоқ. Бұл ережелерді ұмытпа.

-Жақсы, Саубол!

-Саубол!

4,8(97 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Данил28645
Данил28645
04.01.2023

Сыншыл реализм – әдебиеттегі көркемдік әдіс.Өмірді сан қырынан зерттеп, қоғамның адамзаттық нормаларға қайшы келетін кемшіліктерін сынға алады. Типтік жағдайда типтік образдар жасау арқылы өмірді неғұрлым шынайы суреттеуге ұмтылып, адамдар тағдырын, олардың мінез-бітімін, қоғамдағы қайшылықтарды сынайды. Адам мен қоғам арақатынасын, адамзаттың қоғамдағы жасампаздық, белсенділік қызметін, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік қалыптарын сақтай отырып, бақытты өмір сүру жолындағы ұмтылысын, күресін бейнелейді. Қоғамдық дамудың дұрыс жолды таңдауында сынның рөлі қаншалықты болса, Сыншыл реализм де өнер құдіретімен өмірдің көлеңкелі тұстарын шынайы бейнелеуге ұмтылып, оны жою мен әділетті қоғам орнатуға үндейді. Қоғамда белең алған кемшіліктер мен әділетсіздікті сынап, оны болдырмауға шақыру Сыншыл реализмнің басты сипаты саналады.

Қазақ әдебиетінде Өңдеу

Қазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясында қоғамға деген сыни көзқарас, халықтың арман-мұратын ел билеушілерден қаймықпастан жыр өрнектерімен жеткізу негізгі сарынды құрады. Бұқараның мұңын жоқтап, билеуші топтың елге жасаған әділетсіздігін әшкерелей жырлау қазақ әдебиеті дамуының басты бағытына айналды. Сыншыл реализм әдісі жыраулар поэзиясы мен әлем классиктері дәстүрлерін үлгі-өнеге тұтқан Абай шығармаларында берік орын алды. 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде өмір құбылыстарын көркем бейнелеудің бір тәсілі ретінде сыншыл сарын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров] тағы басқа шығармаларында өрісті арна болды.

4,4(59 оценок)
Ответ:
джанил
джанил
04.01.2023

Бағдаршам туралы өлең тақпақтар.

1. Қалада көлік көп,

Қалада апат көп.

Сақтайтын апаттан,

Тек қана бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам.


Бағдаршам біледі,

Бәрін де көреді.

Адам да, көлік те,

Сол шаммен жүреді.

Бағдаршам, бағдаршам.


Үлкен біздің қаламыз,

Есте сақтап аламыз.

Қызыл, жасыл, сары шам,

Көшеде тұр бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам. (Автор: С. Дүкенбай)


2. Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес, үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.


Көзі алысты қалт жібермей қырағы,

Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.

Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің

Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:


Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,

Қиылыста қарап тұрма аспанға.

С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,

Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.


3. Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.


Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!


Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!


4. Күндіз түні жанамын

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар

Белгілі жаспен кәріге

Мен бағдаршам боламын.


5. Бағдаршам (Авторы Ә.Табылдиев)

Менің атым̶ бағдаршам

Кеудем толы жанған шам

Қызыл көзім жанғанда

Сақ болыңдар тоқтаңдар!

Сары көзім жанғанда

Сабырлылық сақтаңдар!

Жасыл шамды көрсеңіз

Бола береді өтсеңіз!

4,4(62 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ