Тілім өшсе менде бірге өшемін, тілім өссе менде бірге өсемін» деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – біздің байлығымыз, қазынамыз. Халық тілімен бай, дінімен бай. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Әрине қуанамыз. Бірақ, мемлекетімізде тұратын қазақтар саны еліміздің 60 пайызын құраса да әлі таза қазақша сөйлей алмай келеді. Шынымен, бұл менің жүрегімді ауыртады, алаңдатады. Қазақ тілін оқытуда көп жоспарлар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік тілді меңгерту жолында қаншама ғалымдар мен ұстаздар маңдай терін төгіп, тілді меңгертудің сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын жасап жатыр. Осыған қарамастан тілді меңгерту баяу жүзеге асып жатқандай ма, қалай?
«Оқу инемен құдық қазғандай» деп тілді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қайратпен жұмыс жасауды талап етеді. Сол үшін еңбек етіп жатырмыз да. Бірақ, менің ойымша, тілді үйрену, мемлекеттік тілде таза сөйлеу әр адамның жеке басына байланысты. Әр адамның Отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі болып, мемлекеттік тілге деген мәртебесі болса ғана қазақ тілін үйреніп, меңгере алады деп ойлаймын.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Объяснение:
Жоспар сурет кайдан