М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mousi1999
mousi1999
11.03.2021 11:51 •  Қазақ тiлi

Елдің даңқын шығарған ер» тақырыбында Қажымұқан атамыздың бойындағы қасиеттерді ажыратып, іс-әрекетіне баға бере отырып, әдеби эссе жазыңыз.(100-150 сөз).

👇
Ответ:
1Velkon1
1Velkon1
11.03.2021

Шіркін, неткен заман десеңізші! Сан ғасырлар бойы ұласқан ұрыстар,әділетсіз жалғасқан жауыз соғыстар,қиян-кескі қантөгіс шайқастар —  мұның бәрі де сені қыспаққа алды ғой, Отаным!                             Қазағым-ай, не көрмедің? Нені бастан кешпедің? Жалаңаяқ жар басып,өзгенің босағасына қашып, таяғына жармасып, жетімдердің күнін көріп, қайғы мен қасірет, азап пен мұң, біріне-бірі жалғанып, жамалған тарихтың тар жол, тайғақ кешу жылдары елімізді зар еңіретіп, ерімді сан терлетіп, қаралы түндерді де бастан кешірдің емес пе?

Моңғолдар, жоңғарлар, қалмақтар, орыстар казағымның ұлан-ғайыр,шетсіз,шексіз кең байтақ шалқар жеріне көздерін тастап,тұс-тұстан анталап, қыспаққа алды гой. Елдің жүгін ер көтермесе, елдің жауын  ер жеңбесе, өр де өжет ерлеріміз жер шолып,ел кезбесе, әділдіктен түңілген жауыздардың сыбағасын беріп,басын кеспесе, шындықты мойындатып,от сөзбен өлтірмесе,санасын селк еткізіп, өзегін өртемесе ешбір халық  мойындамас та еді. “Елім!” деп еңіреп, шыбын жанып шүберекке түйіп, сол замандардың сан алуан әділетсіздігіне, жаугершілігіне қарсы соғысып, қазағымның ел болып қалыптасуына үлкен үлесін қосқан санбоздақтардың, хан-билердің есімі ақиқаттың тарихынан белгілі. Олар - атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар. Олар ертеңін ойлап,болашаққа көз жүгірткен, тереңнен толғап, саяси сыр шерткен, аса көреген, белді хандарымыз - Абылай, Тәуке, Кенесарылар! Олар бостандық үшін қылыш сермеген, бірлік туын көкке көтеріп, желбіреткен ер жүректі, наркескен, есіл ел батырларымыз- Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Райымбек, Баяндар. Олар тоқсан сөздің тобыктай түйінін түсірген, қара сөздің жілігін шағып,майын ішкен,қара қылды қақ жарып,әділдігін айтқан от ауыз,орық тілді дана, дара кемеңгер,баба билеріміз - Төле,Қазыбек,Әйтекелер! Олар ұлт-азаттық соғыстың басшылары,патша үкіметінін отарлау саясатына қарсы шыққан шешен, ақын батырларымыз - Сырым, Махамбет,Исатай, Амангелділер! Жер қопарып, тау көшірген батырлардың: “ Тура биде тума жоқ”  деп, әділдігін айтқан билердің, елінің басын қосып,туын көтерген хандардың арман-ойлары, мақсат-мүдделері,тілектері бір емес пе?!

Міне, менің бабаларым осындай!  Мен оларды үлгі тұтып мақтанамын. Себебі, менің бойымда олардың қаны тасиды, мені қашанда олардың рухы жебейді, аруағы қолдайды.                                                                        Нұрлы,ашық аспан,кең жазық, жасыл жазиралы дала,басын бұлт,шыңын мұз жапқан асқар таулар,тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдер,жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңіз,сыңғырлай аққан сылдыр бұлақтар,нарын құмды шөлдер,адыр-адыр белестер,жоғары бойлай ұзаққа созылып жалғыз аяқ жолдар,қарағай,тобылғы,бұталар,жауқазын гүлдер,ен даламның төсінде бақытқа ғана сайраған сандуғаш құстар,киік,маралдар – мұның бәрі әсем жерімнің таңғажайып табиғи көрінісі – менің үйім,менің елім- Қазақстан!

Мен жерімнің құпия сырын,өсімдіктердің сыбдырын,ұсақ жәндіктердің қыбдырын естіп өсіп келемін. Мен ойлы-қырлы жерлерде мың сүрініп,сан сыналып,болашаққа көз тастап келемін.

Жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұратын осындай қасиетті мекенде,асқақтаған Алатаулы өлкеде,кеңшілігі керемет,дархан дастарқандай далада,егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады! Ұшса құстың қанаты талатын,шапқан аттың тұяғы тозатын еліме деген махаббат жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде орналасқан,өміріме нәр беретін,- сарқылмас бұлақ,мәңгі алауы өшпес жанып жатқан жалынды шырақ. Жалын жанады,маздайды,келешекте от болып даулайды. Оны Сібірден соққан суық жел де өшіре алмайды,көзімнен жас шығарған ызғарлы аяз да, мейлі жер айналып,тау құлап,аспан көшсін,бірақ, Отанға деген адал махаббатты,зор ықыласты,сүйіспеншілікті, «Елім!» деп соққан жас жүректі қандай құбылыс болсын өщіре алмайды!                                                                              Еліміз белді бекем буған шағында бізге артқан сенімін тәрк етсек,азаматтығымыз қайда?! Мағжан айтқан Алашты аспанға көтерер жастармыз ғой. “Өз елім - өзегім “ деп, өткенге сынмен де,сыймен де қарап, келер күнге өнеге бола алсақ, жарар еді.     Әрқайсымыз өмірге түрліше қарағанымызбен, елге,ағайынға,етене жақын адамға деген сүйіспеншілігіміз де әр деңгейде десек те,ортақ мүдде -  ел болашағы. Иір-иір жолдары көп өмір өткелдерінен тосылмай,біріміз- білікті ел данасы, екіншіміз- білекті ер данасы болып, баршамыз сүрінбей ,бәйге алып жатсақ,атам қазақ үшін таудай мәртебе.

4,7(100 оценок)
Ответ:
levonaleqsanya
levonaleqsanya
11.03.2021

Міне , менің бабаларым осындай ! Мен оларды үлгі тұтып мақтанамын . Себебі , менің бойымда олардың қаны тасиды , мені қашанда олардың рухы жебейді , аруағы қолдайды . Нұрлы , ашық аспан , кең жазық , жасыл жазиралы дала , басын бұлт , шыңын мұз жапқан асқар таулар , тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдер , жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңіз , сыңғырлай аққан сылдыр бұлақтар , нарын құмды шөлдер , адыр - адыр белестер , жоғары бойлай ұзаққа созылып жалғыз аяқ жолдар , қарағай , тобылғы , бұталар , жауқазын гүлдер , ен даламның төсінде бақытқа ғана сайраған сандуғаш құстар , киік , маралдар — мұның бәрі әсем жерімнің таңғажайып табиғи көрінісі — менің үйім , менің елім Қазақстан !

4,6(49 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Exzify
Exzify
11.03.2021
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова

Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.

Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.

Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.Ахметтің әйелі Әмина Мәметова -Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.

Өмірбаяны

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
4,4(13 оценок)
Ответ:
DashaБорьщ17
DashaБорьщ17
11.03.2021
Вот.

"Тігіншіні инесі асырайды". Иголка кормилица портного.

"МЕЗГІЛ ЖЕТСЕ МУЗ ДА ЕРІР". Придет время и лед растает.

Жақсы сөз, жарым ырыс ---хорошее слово, пол удачи (дела) .

Адам итті жұмсаса, ит итті жұмсайды ---стоит ли довериться кому-то, который перепоручает третьему.

Жынды бас, екі айаққа тыным бермейді ---дурная голова, ногам покоя не даёт.

Жаман иттін атын бөрбасар деп қояды (плохого пса, волкодавом величать, непозаслугам) ---бывает и недостойного великим называют.

Говоря о парне : Жеті қырлы, бір сырлы ---загадочный красавец-удалец.

"Туған жерге туыңды тік" - Водрузи свой флаг на родной земле.

"Жері байдың елі бай" - Кто богат землей, у того богатая страна.

"Ер туған жеріне, ит тойған жеріне" - Джигита тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.

"Бейнет қыл да зейнет қыл" - Потрудись, а потом и требуй.

"Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады" - Кто найдет источник труда, тот найдет само богатство.

"Жас келсе іске - кәрі келсе асқа" - Молодому дело - старому угощение.

"Малы бірдің жаны бір" - У кого скот общий, у того и душа едина.

"Мал ашуы - жан ашуы" - Боль за скот - боль души.

"Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - бес саулық" - Первое богатство - здоровье, второе богатство - семья, третье богатство - наличие скота.

"Қонақ келмеген үй - мола" - Дом, в который не приходит гость, подобен могиле.

"Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ" - Гостю можно говорить "приходи", "уходи" говорить нельзя.

"Таспен ұрғанды аспен ұр" - На удар камня отвечай угощением.
4,5(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ